Қызықты есептер шығару жолдары.
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Аширбаев Ануар Қамалұлы
|
Қызықты есептер.
1.Он литрлік бидон ( ыдыс) сүтке толтырулы. Үш литрлік бидонды пайдаланып 7 литрлік бидонға 5 литр
сүтті қалай құйып алуға болады?
Алғашқыда 10 литрлік ыдыс толы.Толы бидоннан 3 литрден толтырып 7 литрлікке 2 рет құямыз. Үшінші рет алғанда үлкен бидонда 1 литр сүт қалады,ал 3 литрліктен 7 литрлікті толтырсақ, оған тағы 1 литр кетеді де, 3 литрлікте 2 литр сүт қалады. Енді 7 литр сүтті 10 литрлікке құятын болсақ, онда 8 литр сүт болады да, 7 литрлік босайды. 3 литрліктегі сүтті (онда 2 литр сүт қалған) 7 литрлікке құямыз. Енді 10 литрліктен 3 литр сүт алып 7 литрлікке құйсақ, онда 5 литр сүт қалады.
2. 90 сиырды 9 қораға тақ саннан кім қамап берер екен?
болсақ, екі ыдысты тең иінді таразымен екі рет өлшеу жүргізіп, екі ыдысты тең иінді таразымен екі рет өлшеу жүргізіп, жалған күмісті қалай табар едіңіз?
Тақ сандарды жұп рет қосса ғана жұп сан шығады. Сондықтан бұл сиырларды тақ саннан қамау мүмкін емес.
3.27күміс ақшаның біреуі жасанды. Жасанды күміс басқалардан ауыр болса, тең иінді таразымен 3 рет өлшеу жүргізіп, жалған ақшаны қалай анықтар едіңіз?
Теңгелерді үш-үштен бөліп аламыз.Екі бөлігін таразыға саламыз. Олар тең болса, жалған теңге жерде қалған бөлікте. Ал бір жағы ауыр, бір жағы жеңіл болса, онда жалған теңге жеңіл жағында. Енді таразыға үшеудің екеуін тартамыз. Олар тең болса, жалған теңге жерде. Ал біреуі жеңіл болса, жалған теңге сол.
27 күмісті 9-дан үш топқа бөлеміз. Алдыңғы есепті шығарғандай, жалған күміс қай топта екенін анықтаймыз. Ол бірінші өлшеуде анықталады. әрі қарай 2 рет өлшеп жалған күмісті табу жолы бізге белгілі.
4. Жаяу жарысқа Асан, Баян,Сәкен үшеуі қатысатын болды. Қызықтаушылардың біреуі: «Асан бірінші келеді»- деді,екіншісі-«Баян артта қалмайды»- деді, ал үшіншісі-«Сәкен бірінші келе алмайды»-деді.Жарыс біткенде қызықтаушылардың біреуінің айтқаны дұрыс келді де,екеуінің айтқаны келмеді.Кім жеңді?
Төменгі кестені толтыра отырып дұрыс бұрысын талдайық. Кестенің а) бөлігіне балалардың алған орнын, б) бөлігіне ол туралы пікірдің дұрыс- бұрысын + орнын (плюс), не 0 таңбасымен белгіллеп отырайық. Бір адамның айтқаны келіп, екі адамның айтқаны келмесе, балалардың бәйгеде алған орындары - шындық. Талдауға кірісейік.
І.Асан – бірінші, Баян – екінші, Сәкен – үшінші орында келсе, бәрінің де айтқаны дұрыс шығады. (кестеге қараңыз).
ІІ. Біріншінің айтқаны дұрыс, екіншінің айтқаны келмеді, үшіншінің айтқаны келді: (+,0,+).
ІҮ. Біреуінің де айтқаны келмеді: (0,0,0).
Ү. Асан бірінші келмеді (0), Баян артта қалмады (+), Сәкен бірінші келді (0). Нәтижесі (0,+,0). Бұл жолы біреуінің айқаны дұрыс, екеуінің айтқаны дұрыс емес. Демек, Сәкен – бірінші, Баян – екінші, Асан – үшінші орында келгені – шындық.
Талдау
І
ІІ
ІІІ
ІҮ
Ү
ҮІ
Асан
а/б
1/+
1/+
2/0
2/0
3/0
3/0
Баян
а/б
2/+
2/0
1/+
3/0
1/+
2/+
Сакен
а/б
3/+
3/+
3/+
1/0
2/+
2/0
2-сурет
5. Өзеннен қасқырды,ешкіні және шөпті өткізу керек. Қайыққа тек біреуін ғана алуға болады. Және бірін-бірі жеп қоятын болғандықтан , өзеннің арғы бетіндеболсын, бергі бетінде болсын, қасқыр мен ешкіні, не ешкі мен шөпті бірге қалдыруға болмайды. Аман-есен бәрін қалай өткізер едіңіз?
Бірінші ешкіні өткізу керек.Қасқыр мен шөп қалсын. Екінші рет қасқырды өткізіп, ешкіні кері алып кету керек. Үшіншіде шөпті өткізу керек. Төртіншіде ешкіні алып өтеді. Бәре аман-есен өтті.
Екінші жолы қасқырды өткізбей, шөпті өткізуге болады.бәрібір ешкіні алып кету керек. Сосын қасқырды өткізіп, артынан келіп ешкіні алу керек.
6.Бақташы 70 өгіз айдап әкеліпті. Есепші бақташыдан :
«Қанша малыңыз бар еді?»-деп сұрапты. Бақташы : «Мен малдың үштен бірінің үштен екісін айдап әкелдім, неше малын барын өзіңіз табыңыз»-депті. Шынында,қанша малы болды екен? (Египет,б.ғ.д. 2000 жыл шамасы)
Айдап келген мал барлық малдың бөлігі болады. Барлық малдың саны 70.
7.( Л.Н. Толстойдың есебі) . Шалғышылар артелі алаңға шықты. Олар біреуі екіншісінен екі есе үлкен екі шабындықтың шөбін шабуы қажет.Бүкіл артель бірігіп жарты күн үлкен шабындықтың шөбін шапты да, ал күннің екінші жартысында олар екіге бөлініп, бір бөлігі үлкен шабындықты шабуды бастады. Кешке қарай үлкен шабындық шабылып бітті. Ал кіші шабындықта қалған жерді ертеңіне бір шалғышы күні бойы шауып бітірді. Артельде қанша шалғышы болды?
Үлкен шабындықты 1 бүтін деп алайық. Егер бүкіл артель үлкен шабындықты жарты күн бірге шауып, қалғанын артелдің жартысы жарты күнде бітірсе, үлкен шабындықтың түске дейін үштен екі бөлігі, түстен кейін үштен бір бөлігі бітетін болғаны. Демек, жарты артель жарты күнде үлкен шабындықтың үштен бір бөлігін шабады екен. Екінші шабындық үлкен шабындықтың жартысындай болатын. Оны артельдің жартысы жарт күн шапса, оның бөлігі қалады. Оны бір адам бір күнде шабады екен. Яғни бір адам бір күнде 1/6 бөлігін шабады. Артель бірінші күні барлық шабындықтың 1+ бөлігін шапты. Әр адам 1/6 бөлігін шапқан болса, артельде адам болғаны.
8. Ахмет 3 бума дәптер,Омар 2 бума дәптер сатып алды. Оларға дәптерсіз қалған Сәбит қосылып дәптерлерді үшеуі тең бөлісіп алды. Егер Сәбит жолдастарына 150 теңге берсе, Ахмет пен Омар қаншадан алу керек және бір бума дәптер қанша тұрады?
Әр бума 3 бөліктен тұрсын. Сонда Ахметтің 3х3=9бөлік, Омардың 2х3=6 бөлік дәптерлері болады. Барлығы 9+6=15 бөлік. Оны үш бала бөліп алса, бала басына 15:3=5 бөліктен келуі керек. Онда Ахмет Сәбитке 9-5=4 бөлік, Омар 6-5=1 бөлік дәптер беру керек. Демек, Сәбит берген 150 теңгенің 120 теңгесін Ахмет, 30 теңгесін Омар алу керек. Бір бөлік дәптер 30 теңге екен, онда бір бума дәптер 90 теңге тұрады.
9. Альбомның әр бетіне 6 маркадан жапсырса, 9 марка жетпей қалады. Альбомда неше бет және маркалар қанша?
4 маркадан жапсырғанда 15 марка артылып қалатын болса, оған 9 марка қосып, альбомның әр бетіне тағы 2 маркадан жапсырып шығуға болар еді. Сонда альбомнның әр бетіне 6 маркадан жапсырылған болар еді.
10.Диофант (грек математигі) өмірінің алтыдан бірін балалықта, он екіден бірін жастықта өткізіпті. Некелескеннен кейін жетіден бір ғұмыры және 5 жыл өткен соң ұлы туыпты.Ұлы әкесінің жарты жасын ғана жасап өлгеннен кейін, Диофант тағы 4 жыл жасапты. Диофант неше жасқа келіп өлген?
Диоффант 84 жаста өліпті.
11.Ұялы араның бестен бірі жасмин гүліне қоныпты, үштен бірі –сүйрікке (су бетінде өсетін шөп), саны осы аралардың үш еселенген айырымындай аралар раушанға құмар. Қайда ұшарын білмей тағы бір ара қалыпты.Сонда барлығы неше ара болған?(VII).Алғашқы екі топтың айырымы неге тең? бөлік.
Раушан гүлге құрамы қанша? бөлік. Барлық гүлдегі аралар қандай бөлігі болады? бөлігі.
Ұяда қалған ара қандай бөлігі? 1- бөлігі.
Ұядағы аралар саны 1: ара.
12.Үш адамның әр мөлшерде ақшасы бар екен.Біріншісі өз ақшасынан екеуіне өздерінде бар ақшасындай ақша береді. Одан кейін екіншісі тағы екеуіне өздерінде бар ақшадай ақша береді. Сонда үшеуінде де 8 экюден темір ақша болыпты. Бұрын, үшеуінде қанша ақша болғаны? (Франция,б.д.ХVІІ ғасыр).
Үшіншісі ақша бергеннен кейін ақшалар бірдей 8 экюден болса, оның алдында басқа екеуінде 4 экюден болғаны, ал өзінде 16 экю. Екінші адам бөлісерде бірінші мен үшіншінің ақшалары екі еседен кем болған. Яғни біріншіде 2, үшіншіде 8, өзінде 14 экю болған. Бірінші адам бөлісерде екіншіде 7, үшіншіде 4, өзінде 13 экю болған екен.
13.Шаруа себеттен базарға жұмыртқа әкеле жатса, себетін бір атты адам қағып кетіп, жұмыртқалар жарылып қалыпты.Атты: «Неше жұмыртқа әкеле жатыр едің?»-дейді.Шаруа: «Қанша,екенін білмеймін, бірақ екіден үштен,төрттен, бестен, алтыдан қойып шыққанда бір жұмыртқа артық қалушы еді, ал жетіге бөлгенде қалдықсыз бөлінетін»-дейді. Себетте неше жұмыртқа болды екен?
2-ден 6-ға дейін қалдықсыз бөлінетін сан -60. Оған 1 қосқанмен 7-ге бөлінбейді. Онда 60-ты 2,3,.... еселеп 1қосқанда ең кіші санды іздейміз. Ондай сан 301.
14.Бесінші қабатқа шығу үшін 80 басқышқа көтерілу керек.Үшінші қабатқа көтерілуге неше басқышқа көтерілесіз?
40 басқышқа. Өйткені сіз бірінші этажда тұрсыз. Бір этажға көтерілсеңіз – екінші этажда боласыз. Ал 4 этажға көтерілсеңіз, 5-ші этажда боласыз. Сондықтан 80-ді 4-ке бөліп, 2-ге көбейту керек.
15.Санатпақ. «Эники, Бэники,ели вареники,...», не тағы басқа түрі болсын.Мысалы:
Асық ойнап ұттым мен ,
Айтыпсың енді сен.
Жаңа ойын бастаймыз,
Мықты болсаң енді жең.
Санамақ ойнау үшін, санамақта неше сөз бар екенін білу керек. «Айыптысың» деген сөз ырғақпен 2-ге бөлінеді: айып – тысың. Сондай-ақ бастай+мыз. Сондықтан қазақша келтірілген санамақ 16 сөзден (не тіркестен, буыннан) тұрады. Ойынға қатысушы бірнеше бала болуы мүмкін. Өзіңіз бұрын шыққыңыз келсе:
1) Санамақ сағат тілінің айналу бағытымен болу керек.
2) Санамақтағы сөз санын балалардың санына бөлесіз. Егер қалдықсыз бөлінсе, сол жақта тұрған баладан бастайсыз. Екеу-ақ болсаңыздар – алдындағы баладан бастайсыз. Қалдықта – 1 қалса - өзіңнен баста. Қалдықта 2,3,4,...... қалатын болса, өзіңді 1, оңға қарай 2,3,4,..... деп санап, қалдыққа тең нөмірден бастап, сағат тілінің айналу бағытымен санап кете бересіз. Сонда өзіңіз шығасыз.
3) Келесі кімді шығарасыз? Оны өзім деп есептеп, жаңағы әдісті қолданасыз.
16. Ұлу ағаштың басына шығуға күніне 5 м жоғары көтеріледі де, түнде 3м сырғанап төмен түседі. Ағаштың биіктігі 25м болса, ұлу ағаштың басына неше күнде жетеді?
Ұлу тәулігіне 2 метрге (5-3=2) көтеріледі. 9 тәулікте 18 м, 10 – тәулікте 18+5-3= 20 метрге, ал 11 күні кешке 20+5=25метрге көтеріледі.
17. Қағаздан 5 бұрышты жұлдыз қия аласыз ба? Шарты: қайшымен бір кескенде жұлдыз түсіру керек.
1) Бір рет қағазды ортасынан екіге бүктеңіз, 3, а – суретте бүктелген қағаз көрсетілген ( АВ тұйық жағы).
2) Бүктелген қағаздың тұйық жағын өзіңізге қаратып ұстап ортасынан (О нүктесінен) белгілеп алыңыз.
3)АО жағынан 72˚ бұрыш салыңыз ең болмаса жобалап алыңыз: ∟АОК = 72˚.
4) ОК сызығының бойымен бүктеңіз (3, а-сурет). А нүктесі оң жаққа жоғары шықты.
5) Оң жақ бөлігін ОА жиегімен бүктеңіз (3, б – сурет). В бұрышы жоғары шықты. α1 , α2 бұрыштары тең болуы керек.
6) ОВ – ның бойымен тағы бір бүктеңіз (3, в-сурет).
7)Енді қиғаштап m=m (немесе n=n ) түзуінің бойымен қайшымен қиыңыз. φ бұрышы сүйірлеу, 25-30градус шамасы болу керек..
8) Қағазды жазып (ашып) қараңыз. Не шықты?
18. Қонақтарға 2 адамға 1 табақтан қойса, 1 табақ жетпейді. 3 адамға 1 табақтан қойса, 1 табақ артық қалады. Қонақ нешеу? Табақ нешеу?
1-тәсіл. 1)Тағы бір табақ алдырайық. Сонда әр табаққа 2 адамнан отырады.
2) Енді қайтадан 3-тен отыргғызғымыз келсе, 2 табақ артылу керек. Ол үшін 4 адам тұрып бір-бірден басқа табақтарға кіру керек. Сонда 3 адамнан 4 табақ болады екен.
3) Демек, қонақтар саны 3х4=12, ал табақтар саны (артылатын бір табақпен) бесеу. Сонымен 12 қонаққа 5 табақ тартылыпты.
2-тәсіл.1)3 адамға 1 табақтан тартқанда 1 табақ артылып қалатын болса, тағы 3 адаи керек.
2) Енді 1 табаққа 2 адамнан отырғызғымыз келсе, бұрын 2 адамға табақ жетпей қалса, енді 5 адамға жетпейді (тағы 3 адам керек еді ғой). Ол 5 адамды 3-тен отырған табақтардан 1 адамнан тұрғызуымыз керек.
Демек табақтар саны 5.
3) 5 табаққа 3 адамнан отырғызсақ, 15 адам болу керек. Бірақ жетпеген үш адамды ескерсек, қонақтар саны 12 болғаны. 12 қонаққа 5 табақ тартыппыз.
19. Екі бригада бірігіп істесе, жұмысты 6 күнде бітірер еді. Бірақ бірінші бригада жеке 4 күн жұмыс істегеннен кейін, қалғанын екінші бригада 9 күнде бітірді. Әр бригада осы жұмысты неше күнде бітірер еді?
1)Екі бригада бірге істесе екеуі күніне жұмыстың 1:6= бөлігін бітірер еді.
2) Бір бригада 4 күн, екінші бригада 9 күн жеке-жеке жұмыс істесе, оны 4 күн бірге істеді және екінші бригада қалған жұмысты 5 күнде бітірді деп қарастыруға болады.
3)Екі бригада 4 күн жұмыс істесе, жұмыстың х4=
бөлігін бітірер еді.
4) Екінші бригада 1- бөлігі қалар еді.
5) Ол оны 5 күнде бес күнде бітіретін болса, күніне бөлігін орындап отырар еді.
6)Онда екінші бригада бар жұмысты 1: күнде бітірер еді.
7) Бірінші бригада күніне бөлігін бітірсе.
8) Барлық жұмысты 1: күнде бітіреді.
20. Әкесі 6 және 10 жасар екі баласына сыйлық алуға жұмсаған ақшасы балалардың жастарына кері үлесті (кері пропорционал) болды. Кіші баласына 360 теңге жұмсаса, үлкен баласы неше теңгенің сыйлығын алды?
1) Бұл есепті 5: 13=ші есеп жолымен шығаруға болады. Кіші баласы 5/8 бөлігін алу керек. Онда 5/8 бөлікке 360 теңге келетін болса, үлкен баласы 216 теңге алады. Бірақ оңай шығарылу жолы былай:
2)Олардың алған ақшалары (сыйлықтары) жастарына кері үлесті болса, алған ақшалары мен жастарының көбейтіндісі тең болу керек.
6 жас ~ 360 теңге 10 жас - х
Бұлар кері үлесті шамалар болғандықтан, х= теңге.
Үлкен баласы 216 теңге сыйлығын алды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 63.71 Kb |
Количество скачиваний: | 367 |