"З з дыбысы мен әрпі" 1 - сынып

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: З з дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:З з дыбысы мен әрпін таныту. З дыбысына қатысты сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату, дауыссыз дыбыс екенін меңгерту. З әрпінің баспа, жазба түрінің бас әрпін, кіші әрпін таныту, мәтінмен жұмыс жасату.

Міндеті: Білімділік: З з дыбысымен және әрпімен таныстыру. Әріптің сөздегі орны туралы түсінік беру.З з дыбысы мен әрпі арқылы жазылатын сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дыбыстық, буындық талдау жасауға, ауызша сөйлем құрауға машықтандыру.

Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыта отырып, сөздік қорларын молайту, білім – білік дағдыларын, танымдық қабілеттерін дамыту. Шығармашылық тапсырмалар бере отырып, ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Топтық жұмыс жасау арқылы бірлікке, сыйластыққа, шыншыл болуға тәрбиелеу

Оқытудың нәтижелері:

1.Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптастырады.

2.Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.

3.Сабақта белсенділік танытады.

4.Шығармашылық қабілеттері артады.

Қамтылатын модульдер:

1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс, диалогтік оқыту)

2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (Ассоциация, миға шабуыл, )

3-модуль: Бағалау ( топ бірін – бірі бағалайды)

4-модуль: АКТ – ны пайдалану (интербелсенді тақта, фотоапарат, бейнекамера)

7-модуль: Көшбасшылық

Көрнекіліктер: Оқулық, слайд, А3 қағаз, стикер,маркер т.б

Қадамдар:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Топпен жұмыс.

3.Рефлексия

4.Бағалау

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. Топқа бөлу

2. Оқушының зейінін сабаққа аудару

3. Үй тапсырмасын сұрау

4.Жаңа сабақты түсіндіру

5.Шығармашылық тапсырмалар орындау

Оқушының іс-әрекеті:

1.Кәмпиттердің түстеріне қарай топқа бөлінеді

2. Зейіндерін сабаққа аударады

3. Үй тапсырмасын пысықтайды

4. Жаңа дыбыспен және әріппен танысады

5.Топтасып жұмыс жүргізеді,постер қорғайды

6. Кері байланыс жасайды

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық:
Айтыңдаршы балалар,
Болашаққа жол ашар
Іші толған әріпке
Білімдіге жарық не? (Әліппе)

Топқа бөліну: Кәмпиттердің түстеріне қарай топқа бөлінеді

І кезең: Қызығушылықты ояту:

«Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша қандай дайындықпен келгенін анықтау

Ойынның шарты: Егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен келсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді; дайындалған, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; дайындығы шала болса қызыл түсті көтереді.

Үй тапсырмасын тексеру:

І – топ: И и дыбысы мен әрпіне берілген сездер мен мәтінді оқиды

ІІ – топ: «Итмұрын» мәтінінің мазмұнын айтады

Үй тапсырмасын пысықтау: «Кім зерек?» ойыны

Ойын шарты: И дыбысы бар сөздердің суреттерін и әрпінің тұсына жапсырады

  • -«Сиқырлы ұяшықтар» ойыны : Оқушылар ұяшықтардағы сандарды таңдау арқылы сол сандардың сұрақтарына жауап береді
  • -Ой қозғау.
  • -Зымыран жөнінде не білесіңдер?
  • -Зымыран сөзін буынға бөлу, дыбыстың орнын және дауыссыз дыбыс екенін аңғарту
  • - Қазақ ғарышкерлерінен кімдерді білесіңдер?
    Олар туралы не білесіңдер?
  • -Ғарышкерлер мерекесі қашан тойланады?
    Егер мен ғарышкер болсам... (Оқушыларын өз ойларын айтады)

  • -«Зығыр» өсімдігі жөнінде мағлұмат алады

Сергіту сәті: Би билеу

  • -Дәптермен жұмыс
  • Партада отыру ережесін айтып өту.

  • З әрпін тақтаға салу
    Ауада жазу.
    Дәптерге жазу.

  • Топтастыру: Балалар З з дыбыс мен әрпі бойынша алған білімдерін қағаз бетіне түсіреді
  • Суретті талдау: Тақтада суреттер беріледі, сол суреттерді оқушылар буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды
  • Рефлексия: Күлегештер бойынша
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.46 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 121

Похожие материалы