ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ.
Предмет: | Обществознание |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Калдаулетова Айнагул Максатовна
|
ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет.
Н.Ә.Назарбаев
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»- деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір оқушының алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі –оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Пәнге деген қызығушылығын арттырып, ары қарай жетілдіруде, жеке тұлға қабілетін дамытуда қандай технологиялардың әдіс – тәсілдерін қолданған дұрыс деген сауал туындайды. Осы сауалға жауапты Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауынан табуға болады. ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегі міндеттерді шешу керектігін атап өтті: компьютерлік техниканы, интернет, коммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электронды оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуальдық, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдану адамзаттың әртүрлі сферасында, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізіп отырғаны белгілі.
Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпаратты- коммуникациялық технологиялар деп локальдық, аймақтық бүкіл әлемдік желілірде ақпарат алмасуды жүзеге асыратын қазіргі заманғы байланыс құралдарының барлық түрін, бағдарламалық жүйелер мен кешендерді, мультимедияны телекаммуникацияны, вертуальды, ақпараттар жиынтығын айтамыз. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – қолданушы керекті мәліметті өздігінен
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 77.39 Kb |
Количество скачиваний: | 17 |