"Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі" физика 8 сынып

Предмет: Физика
Категория материала: Презентации
Автор:

 8а сынып                                             

Сабақтың тақырыбы: Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: заттың агрегаттық күйлері және қатты денелердің балқу және қатаю температурасы жөнінде негізгі ұғымдарды беру; қатты денелердің балқу және қатаю графигін түсіндіру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. 

а) Зертханалык жұмыстың қорытындысы.

б) Өтілген материалды еске түсіру.

1)     Затгың агрегаттык күйлері және молекулалық құрылымы.

2)  Заттың агрегаттық күйлерінін қандайжағдайда орналасуына тәуелділігі (мұз, су, бу).

3)     Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруіне мысалдар келтІру.

4)  Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруінің қолданылуы:

1)      металлургияда;

2)  электр станцияларында (турбинаға келіп түсетін бу)

3)  тоңазытқыш кондырғыларда (сығылған газдар).

МКТ  тұрғысынан   затгың   агрегаттық  күйлеріне   сипаттама  бсру   (кесте толтыру).

Заттың агрегаттықкүйі

Негізгі қасиеттері

Молекулаларыныңарақашықтығы (бір молекуланың диаметрімен Салыстырғанды)

Молекулалары қалай қозғалады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V. Жаңа материалды меңгерту:

   


Тірек схемасы бойынша жұмыс жасау.

- Кристалл денелердің балқуы және қатаюы.

-   Балқу температурасы,  кейбІр  заттардың  балқу  температурасы  (3-кестебойынша жұмыс)

-   Кристалл денелердің балқу және қатаю графигін талдау.

-   Кристалл денелердің балку және қатаю температураларының   бір мәндіболуы.

- Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі.

-  Меншікті балқу жылуы, физикалық мағынасы, өлшем бірлігі (4-кестеменжұмыс).

-  Заттың сұйық күйінде(балқу темпсратурасында) ішкі знергиясының жоғары болуы.

-  Қатаю (кристалдану) кезінде балқу үшін қандай энергия жүмсалса, сондайэнергияның белініп шығуы.

-  Балкыған зат ішінде кристалдану центрінІң болу қажеттігі ( катаю процесін жеңілдетуүшін)

-  Меншікті балку жылуы X, массасы т ( балку температурасындағы) заттыбалқыту үшін қажетті жылу мөлшерін есептеу формуласы: Q= lm.

VІ. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.


1)§13. 14 сұрақтарын талдау.

2) Есептер шығару.

Температурасы -20 °С мұз кесегін ерітіп, 15°С-қа дейІн кыздыру үшін қажетті жылу мөлшерін есепте. Мұздың массасы 200г.

VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу:

Есеп шығарту

VIІI.Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §13,14

 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 786.05 Kb
Количество скачиваний: 196
Просмотров: 537

Похожие материалы