Заттың тығыздығы

Предмет: Физика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

"Описание материала:

"Сыныбы: 7 «Б», «В» " "Сабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы.Оның бірліктері.

"Сабақ типі: білімді жетілдіру және білік дағдыларын дамыту сабағы Cабақтың мақсаты:

Өтілген материалдарды қайталау және қорытындылау; Оқушылардың сөйлеу, ойларын ұтымды жеткізу қабілеттерін арттыру; Теория мен практиканың біртұтастығын дәлелдеу; Физикалық приборлармен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту; Оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту; Өлшеу қателіктерін, өлшеу дәлдігін бағалауды үйрету; Бірізділікке, қауіпсіздік ережесін сақтай отырып жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: таратпа материалдар Оқыту әдiстерi: демонстрациялау, практикалық, iзденiс, проблемалық, зерттеушiлiк.

"Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру кезеңі 2 мин.Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою 4 мин.Топтық жұмыс 20 мин.

Жаңа сабақ түсіндіру 10 минРефлексия. 4 мин.Қорытынды кезеңі. 5 мин Физиканы оқуға кiрiсерде, бiз дененің сапалық қасиетін сипаттайтын материяның түрі затпен таныстық. Бәрiңiз еске сақтаңыздар – барлық физикалық денелер заттардан тұрады. Бiз зат туралы не бiлетiнiмiздi еске түсiрейiк.

а) Заттың агрегаттық күйлерін атаңдар.(қатты, сұйық, газ)

б) Кез- келген заттың күйін қалай ажыратамыз.(молекулалардың орналасуына және олардық қозғалысына қарап)

в) Сiз дененiң көлемін қалайша бiле алар едіңіз? (дененің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу арқылы және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып) Бұл физикалық шама қандай әріппен белгіленеді? (V) Оның өлшем бірлігі қандай? (м3)

г) Дененің массасын анықтай аласыз ба? (иә, таразыға өлшеу арқылы) Бұл физикалық шама қандай әріппен белгіленеді? (m) Оның өлшем бірлігі қандай? (кг)

Жаңа сабақты түсіндіру. Әрбiр дененің өз өлшемдерi және массасы болады – бұл тұжырым ешкімге күмән тудырмайды; дененiң массасы өлшемге ғана емес, ол қандай заттан тұратынына тәуелдi болады. Кішігірім зертеу жүргізейік (демонстрациялық столға оқушы шақырылады, ол демострациялық столда кішігірім зерттеу жүргізеді) сіздердің алдыңызда көлемдері бірдей екі зат берілген, таразының көмегімен массаларын салыстырып, қорытынды жасаңдар.

"Қорытынды: Денелердің көлемдері бірдей, массалары әртүрлі, яғни әртүрлі заттан жасалған. (Эксперимент нәтижесін дәптерге жазамыз) V1 = V2; дене әртүрлі заттан жасалған: m1 m2.

Зертеуді жалғастырайық (демонстрациялық столға оқушы шақырылады, ол демострациялық столда кішігірім зерттеу жүргізеді) сіздердің алдыңызда екі дене берілген көлемдері әр түрлі

"V1 V2, таразының көмегімен массаларын салыстырып, қорытынды жасаңдар.

Қорытынды: Денелердің массалары бірдей, көлемдері әртүрлі,яғни әртүрлі заттан жасалған. (Эксперимент нәтижесін дәптерге жазамыз):

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 416.5 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 100

Похожие материалы