Здесь была ссылка на работу «Зерде» зияткерлік білім сайысы автора Исаева Жанар Турдыбековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Тақырыбы: «Зерде» зияткерлік білім сайысы Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Барысы: Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған сайыс сүюші қауым! Бүгінгі біздің «Зерде» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер! Білімменен тәнті етеді тектілер, Мұратына білім қалды жеткізер. Бар ізгілік тек біліммен алынар, Білімменен аспанға жол салынар.,- дей келе «Зерде» зияткерлік сайысын бастайық. Достық пен бірлікті етіп тұлға, Жеңіске жеткен едің талай сында. Қара қылды қақ жарып әділ қазым, Еңбегін тапқырлардың әділ сына – деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын «Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп» демекші, бүгінгі 3 -ші сыныптар арасында өтетін «Зерде» зияткерлік сайысының. « Алғырлар » тобы: мен « Тапқырлар » тобы: сайыскерлерін қошеметпен қол соғып ортаға шақырайық.