Зертханалық жұмыстар (мұғалімдерге көмекші құрал ретінде)
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Алимбаева Алмагуль Хабдушовна
|
Дайындаған:
Мұнайлы ауданы №7 жалпы білім беру орта мектебінің
биология пәні мұғалімі
Алимбаева Алмагуль Хабдушовна
Алғы сөз
Биология пәнін оқыту барысында жүргізілетін зертханалық жұмыстардың маңызы зор. Зерттеу барысында оқушы зер салып қарап, ой елегінен өткізіп, қорытынды жасайды. Осы бағытта жүргізілген жұмыс қана нәтижелі болмақ.
Қазіргі таңда барлық құралдарды, амал – айлаларды қолдана отырып, сабақта зертханалық жұмыстарды өткізуге болады. Зертханалық жұмыстың нәтижелі болуы мұғалімнің жұмысты дұрыс ұйымдастыра алуында. Жұмысты бастамас бұрын мұғалім оқушыларға ең алдымен нақты мақсат қоюы керек: нені көру керек, сосын қалай көру керек, қандай нәтиже алу керек. Бұл сұрақтар мұғалім тарапынан ең әуелі ауызша айтылып, содан соң жұмыс жасау нұсқаулығы әр оқушыға таратылуы керек.
Жұмыс жасау нұсқаулығында оқушылардың ары қарай қалай жұмыс жасау керектігі көрсетіліп, тапсырмалар беріледі.
Зертханалық жұмыс оқушының шығармашылық, іздену, зерттеу, ой қалыптастыру, жинақтау, қорытынды жасау сияқты қабілеттерін қалыптастырып, дамытып отырады. Тек әр зертханалық жұмыс жан – жақты дайындықты қажет етеді. Кейде оқулықтан тыс тапсырмалар беру оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Бұл әдістемелік кітапша менің көп жылғы еңбегімнің жемісі ретінде көмекші құрал болып табылса деймін.
Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
Мақсаты: Сілекейдің ( амилаза) ферменттік қасиетін анықтау
Тапсырма:
1) Крахмалданған дәкіге сілекеймен бір әріп немесе белгі салып, дене температурасына дейін 1мин бойы алақанды жылытады. Осыдан соң дәкіні йод ерітіндісіне малып, өзгерістердің болғанын бақыла.
2) Дәл осы тәжірибені крахмалданған дәкінің өзіне жасап, нәтижені салыстыр.
Бақылау нәтижесі
Қорытынды
І тапсырма
Крахмал көк түске боялып, әріп немесе белгі салған жер ақ боп қалады.
Ол жерде крахмал жоқ, сілекей құрам фермент (амилаза) арқылы жай ферменттерге ыдыраған.
ІІ тапсырма
Крахмал көк түске боялады
Крахмал йодпен спецификалық
реакция түзіп көгілдір түс береді.
Қорытынды: сілекей амилаза ферменті қуысында ас қорытуға, яғни крахмал ферменттерге ыдырайды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.62 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |