Зерттеу жұмысы "«Құрып бара жатқан барыс аңын аман сақтап қалу жолдары »"

Предмет: Другое
Категория материала: Презентации
Автор:

Маған биылғы келген барыс жылы көп ой салды. Оқушылардың бәрі өз зерттеу жұмыстарын жазып жатқан соң, мен биылғы келген барыс жылын өз жобамның басты тақырыбы ретінде алдым. Бұл тақырыпты таңдағанымның басты мақсаты Барыс аңының қыр – сырын зерттеп білу. Барыс — мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Денесінің ұзындығы - 130 см. Түсі көксұр, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары болады. Барыс ымырт жабыла қорек іздеуге шығады. Ол арқар, елік, жабайы шошқа сияқты аңдармен қоректенеді. Барыс - бағалы аң. Менің зерттеу жұмысымның тағы бір мақсаты «барыс» терминінің қолданылуы мен оның анықтамасын зерттеп білу еді. «Барыс» сөзі қазақта мінез – құлыққа байланысты мәнді білдіреді Барысқа теңелген адам – қайсарлы, мықты, өзі тиіспейді, өзіне тиіскенді аямайды, сонымен қатар, өз күшін бағалайтын адам болады деседі. Барыс – жыл басының бірі, ол тышқан мен сиырдан кейін келеді. Барыс- ел символы. Ол ертеден бері қолданалып келе жатқан белгінің бірі. Әр елде ол әр мағынада белгіленеді. Ең басты мағынасы – оның мінезінің қайраттылығы. Мен осы зерттеу жұмысым арқылы барыс аңын жан – жақты зерттей отырып, оның негізгі сырларын ашамын деп ойлаймын. Сондықтан да, осы жұмысты зейін қойып оқуларыңызды өтінемін

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 845 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 104

Похожие материалы