Өзін - өзітану "Мен жақсы баламын" (0 сынып)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Жақсылық пен жамандық.

                Ертегі

   Ерте,ерте,ертеде Жақсылық пен Жамандық атты адамдар өмір сүріпті.

Бір күні Жақсылық атына мініп, жолға шығыпты. Жолда оған Жамандық кездеседі. Жақсылық онымен жол азығымен бөлісіп, әңгімелеседі. Бірақ Жамандық  Жақсылықты  алдап,атына мініп кетіп қалады.

   Жақсылық шаршап-шалдығып, жүре-жүре бір күркеге кеп тіреледі. Ол күркеге келсе, ортада қазан толы ет асулы тұр. Жақсылық қазанға сұқ саусағын малып қана, сорпаның  дәмін көреді де, төбесіне шығып, жатып қалады.

   Кешке қарай күркеге түлкі,қасқыр, арыстан келіп, тамақтанып, әңгімелесе бастайды.  Олар үшеуі көрген-білгендерін айтысады.Түлкі тұрып:

 

-Пәлен байдың қыстауында бір сүйем жерде тығулы жатқан бір құмыра алтын бар. Мен күнде сол алтынды күзетіп жүрмін.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 38 Kb
Количество скачиваний: 65
Просмотров: 238

Похожие материалы