Өзін- өзі тану өмірді тану.
Предмет: | Обществознание |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Сулейменова Айнур Каримовна
|
Өзін- өзі тану өмірді тану.
Мақсаты:
- оқушыларға өзін-өзі тану пәні арқылы өзінің кім екенін таныту;
Міндеттері:
- «Өзін-өзі тану», «өмір» құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру;
- 4 сыныпқа арналған өзін-өзі тану пәнінің мазмұнын меңгерту;
- адамгершілік құндылықтарын білуге, өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру;
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, түрлі суреттер, әуендер таспасы.
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру:
2. Тыныштық сәт «Қазақстан табиғаты» бейнеклип
3. 3. Ойланайық,пікірлесейік:
· Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?Қазақстанның қай жерінде болдыңдар?
· Сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар?
Шұғылалы әлем. А.Асылбеков.
Осындай әлем бар,
Қызықты,Шуақты.
Әлемде әр ел бар,
Бақытты,
Қуатты.
Ондағы балалар
Жайдары,
Көңілді.
Бәрі де керемет!
4. Оқып үйренейік:
Мақтай неге мақталар? Е.Өтетілеуов.
Мақтайды жұрт Мақтайды,
Өйткені ол жақтайды:
Әдептілік,адамдықты,
Әділеттік,адалдықты,
Білімділік,батырлықты,
Дарындылық,даналықты,
Қайырымдылық,тазалықты,
Табандылық,қайсарлықты,
Талаптылық,жайсыңдықты,
Намыстылық,даралықты,
Жарқындылық,дарқандықты,
Сыпайылық,сыйластықты,
Сапалылық,қимастықты,
Елгезектік,ептілікті,
Ізеттілік,еркіндікті,
Зейінділік,зеректікті,
Мейірімділік,сергектікті,
Тәртіптілік,ісмерлікті,
Тұрақтылық,іскерлікті,
Өжеттілік,кішілікті,
Өнерлілік,кісілікті,
Міне,осындай Мақтайды
Үлкен-кіші жақтайды,
Мадақтайды,мақтайды!
5. Әңгімелесу:
- Өз бойларыңда мақтауға лайықты қандай жақсы қасиеттер бар деп ойлайсыңдар?
- Күнделікті өмірде осы қасиеттеріңді қай әрекеттеріңнен байқадыңдар?
6. Жағдаяттарды талдау:
Мұғалім: Сен қай балаға ұқсағың келеді?Неліктен?
Оқушы:
7. Оқып үйренейік:
«Екі дос» аңыз. 9-бет.
8. Дәйексөзбен жұмыс:
« Адам өміріндегі ең қажетті білім- өзін-өзі тану». Б.Фонтеннель.
9. Жаңа ақпарат:
Өзін-өзі тану өмір бойы жалғасып отыратын үздіксіз үдеріс.Ол адамның өзін - өзі, өзінің жан дүниесін танып білуіне, түрлі өмір белестерінен жаңылмай өтуіне көмектеседі.Жалпы-адамзаттық және ұлттық құндылықтарды жақсы меңгерген адам өмірдің мәнін терең түсіне алады.
10. Тапсырма:
Өз бойларыңнан қандай қасиеттерді көргілерің келетінін әңгімелеп беріңдер.
11. Дәптермен жұмыс:
Берілген сұрақтарға жауап жаз.
- Мен кіммін?
- Менің мінезім қандай?
- Менің мінезімнің жағымды жақтары қандай?
- Менің мінезімнің осал жақтары қандай?
- Мен қандай болуым керек?
12. Жүректер жүрекке:
Керек. А.Асылбеков.
Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек.
Адамдар бірін-бірі
Құрметтеп,сыйлау керек.
Жастарға білім керек,
Бәрін де білу керек.
Азамат болсаң алғыр,
Анашың: «Күнім!»,-демек.
Сол үшін талмау керек,
Биікке самғау керек.
Бойыңда бар жақсыны
Халқыңа арнау керек.
иман КЕРЕК иба
Білім құрмет сыйластық
Достық адалдық
13. Қорытынды: «Өмір өзен » әнін қосылып орындау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.05 Kb |
Количество скачиваний: | 22 |