1 сынып.Тақырыбы: Б. Момышұлы « Балаларыма »

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Пәні: ана тілі, 1-сынып

Тақырыбы:  Б.  Момышұлы «  Балаларыма »

Мақсаты:

1.      Оқушыларға қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы жайлы мағлұмат беру және   й,у,ң әріптері екі дауысты дыбыстың ортасында келетін сөздерді тасымалдауды меңгерту;

               2 .Олардың дұрыс оқуы мен әдемі жазуын,тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін ,сөздік қорын дамыту; 

               3 . Отансүйгіштікке, бауырмалдыққа,патриоттық   тәрбие беру;

Сабақтың түрі: жаңа  сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі:  жеке сюжетті суреттер,бейнефильм,слайд

                                                Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі:

«Шаттық шеңбері»

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де!

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

  1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.

  2.Дәптерлерін таратып,партада дұрыс отыруларын қадағалау.

 ІІ.  Өткенді қайталау

Оқушыларға  мәтінді мәнерлеп оқыту,түсінгендерін сұрау

Оқушыларға кезекпен жүргізе оқыту     .

  Мәтін бойынша сұрақтар:

  - Әңгіме не жайында айтылған?

 -  Биік таудан  бөдене қалай асты?

 -  Бөдене қандай құс?

 

- Мына хатта

Жаңылмағанша жалықпай,

Айта түс,қалқам,анықтай,     -деп,бізге мынадай жаңылтпаштарды жазып жіберіпті:

Көк доп-

Көп доп.

Көк доп та,

Көп доп та,

Біздерде жоқ доп.

Осы жаңылтпашты бәріміз жаңылмағанша жалықпай айтып шығайық.

                                                ІІІ. Жаңа сабақ

Б.Момышұлының өмірбаяны  туралы әңгімелеу және  Жеңіске  70жыл толуымен байланыстыру.

Қосымша мәлімет:

ҰОСжылдарында 2 қазақ қана дивизияны басқарған. Соның бірі –Бауыржан Момышұлы..  «Сен білесің бе?»  бейнефильм

Сұрақ-жауап: оқушылар ойын тыңдау

Оқулықпен жұмыс

Сұрақ-жауап:

101-жаттығу

1.Мәтінді мәнерлеп оқу

2.Оқушылардың тізбектей оқыту

3.Мәтін бойынша сұрақтар мен тапсырмалар

- Мәтінде не туралы айтылған?

- Бауыржан Момышұлы аталарың жөнінде не білесіңдер?

«Балаларыма» өлеңінде автор қандай тілек айтқан?

 

Б. Момышұлының сендерге айтқан, өсиетін тауып оқы

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 81.48 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 114

Похожие материалы