12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында мектеп басқару

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Конспекты
Автор:

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс.

Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетудің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр.

Қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы қабылданды.Бүгінгі таңдағы білім беру саласының басты міндеті – осы  мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту. Бұл бағдарламада әрбір педагогтың бәсекеге қабілеттілігі бүкіл білім кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілікпен байланыстырылады, бұл заманауи жағдайда білімді ақпараттандыру үрдісінсіз дамымайды.

 

Білімді ақпараттандыру – бұл әлемдік қауымдастық талаптарына сәйкес ақпараттық технологиялардың білім үрдісіне енгізу үдерісі, педагогтың жаңа формациядағы жалпы білім және кәсіби даярлығының сапасын арттыру.  

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 673 Kb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 129

Похожие материалы