2 сыныбы үшін Сабақтың тақырыбы: «Хор өнері»

Предмет: Музыка
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы,

Тұрар Рысқұлов атындағы орта

мектебінің музыка пәнінің мұғалімі

Батракова Гулайм Шарипбековна

 

2 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Хор өнері»

Мақсаты: хор өнерімен таныстыру,хор туралы білімдерін кеңейту.

Міндеттері: 1.Білімділік – хор өнерімен таныстыру,ән үйрету.

2.Дамытушылық – музыка сауаты мен ән айту шеберлігін дамыту.

3.Тәрбиелік – әсемділікке,мейірімділікке,адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,тыңдату.

Көрнекілігі: слайд,хор ұжымдардың суреттері,үнтаспа,баян аспабы,интербелсенді тақта.

Күтетін нәтижесі: 1.Хор,халықтық хор ұғымдарын біледі

2.Хордағы дауыстарды ажыраты алады

3.Әнді дұрыс орындайды

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезені.

Ал,канекей,балалар,

Сәлемдесіп алайық.

Сабағымызға керекті,

Кітап,дәптер алайық.

Дауысымызды жаттықтырып,

Ән сабағын бастайық.

Оқушылармен сәлемдесу, тугелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

2. Өткен материалды пысықтау.

 «Халық музыкасының концерті» тақырыбын тексеру,ұғымдарды жатқа сұрау.

Дауыс жатығуларын жасап, «Апа,туған күніңмен» әнін орындау.

3.Үй тапсырмасын бекіту. Концерт залына саяхат –әңгімелесу.

4.Жаңа сабаққа дайындық. Ой қозғайтың сұрақтар қойылады.

-Әнді кімдер орындайды? (жеке орындаушы, әнші, хор)

ОХР НРӨІЕ –Қандай сөз шығады? Сабақтың тақырыбың хабарлау.

5.Жаңа материалды меңгеру.

Музыка сауаты: хор – көп адамның қосылып ән орындауын атаймыз.

Барлығымыз бірге ән айтқанда дауысымыз бір-бірімен үйлесіп, көңіл күйіміз де көтеріліп қалады. Ауылда апа-әжелеріміз барлығы бас қосып, жиын-тойларда ән шырқайтынын білеміз. Әсіресе ерте замандардан келе жатқан халық әндерін шырқап, тойдың сәнін келтіреді.

Қазіргі кезде де үйлену, қыз ұзату тойларында барлығы бірге қосылып, жар-жар әнін орындайды. Халық әндерін орындайтын топты халықтық хор деп атайды.

Халықтық хорлар көп халықта бар.Олар орыс, украин, грузин ұлттарында халықтық хорлар ел ішінде кеңінен танымал. Ең қызығы олар әндерді бірнеше дауысқа бөлініп орындайды.

Интербелсенді тақтада халақтық хор ұжымдарынын суреттері көрсетіледі және бейнематериалдар.

Музыка тыңдау. «Ақ әжелер» ансамблінің орындауында қазақтың халық әні «Жар-жар».

Опера театры мен филармониядан кәсіби хор ұжымдарын көруге болады.Кәсіби хорлар музыкалық шығармаларды төрт дауысқа бөліп орындайды. Олар: сопрано және альт – әйел дауыстары, тенор және бас – ерлер дауыстары.

Сопрано – ең жінішке дауыс. Бас – ең жуан дауыс. Альт – әйелдердің қоңыр, төменгі дауысы, тенор – ерлердің жоғарғы дауысы.

Хор түрлері: бірыңғай және аралас. Бірыңғай ерлер, бірыңғай әйелдер және бірыңғай балалар хоры болады. Аралас хорда ерлер де әйелдер де бірігіп ән салады.

Ән үйрету. А.Жайымов «Науырыз –біздің әніміз». Әннің текстімен жұмыс жасау,әуенін тыдап,көңіл күйін,екпінін,ырғағын аңықтау.Әнді көңілді,жайдары орындау.

-Балалар,біз тамаша ән орындадық,қандай хор болдық?

-Балалар хоры.

6.Жаңа сабақты бекіту. Оқулықтағы сұрақтарға оқушылар жауаб береді.

7.Үй тапсырмасы. «Хор өнері» тақырбын оқу және мазмұның айтып беру,ұғымдарды,әнді жаттау.

8. Қорытындылау.

Дәптерлеріне берілген таблицаны толтырады.Музыкалық ұғымдардың аңықтамаларын дұрыс тауып,дәптеріне жаз.

 

 

Ұғымдар

Аңықтамалар

1.Хор

а)әйелдердің жінішке,жоғарғы дауысы

2.Сопрано

ә)халық әндерін орындайтын топ

3.Халықтық хор

б)әншілердің қосылып ән салатын тобы

4.Бас

в)ән орындайтын адам

5.Альт

г)ерлердің жуан дауысы

6.Әнші

д)ерлердің жоғарғы дауысы

7.Тенор

е)әйелдердің қоңыр,төменгі дауысы

 

1.-б

2.-а

3.-ә

4.-г

5.-е

6.-в

7.-д

 

9. Бағалау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.79 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 206

Похожие материалы