22 қыркүйек- Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанатының жоспары
Предмет: | География |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Оспанова Айым Мураткалиевна
|
22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні, елімізді мекендейтін барша халық тілдерінің мерекесі. Тілдер мерекесінің құрметіне Ы. Алтынсарин атындағы гимназияда 14 қыркүйек пен 22 қырқүйек аралығында «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбында өтетін апталықтың ашылу салтанатын 5-11 сынып аралығында өткізілді. Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету. Іс-шараның мазмұны Абай Құнанбаевтың 17 қара сөзін негізге ала отырып, құралған. Оқушылар 3 қазақ, орыс және ағылшын тілінде әр тілдің мәдениетін, әсемдігін, әлемдегі орнын қойлым арқылы жеткізеді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқылады. Іс-шараның соңында апталықтың жоспарымен таныстыруға болады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 636.5 Kb |
Количество скачиваний: | 55 |