2сынып" Тақырыбы: Ою-өрнек туралы түсінік."

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырыбы:                 Ою-өрнек туралы түсінік.

Мақсаты:  1.Ою - өрнектің шығу тарихы жайында жалпы түсінік беру, ою оюды үйрету

                  2. Оқушыларды эстетикалық талғамын дамыта отырып,шеберлікке,                                                   әсемдікке,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

                  3. Қол ептілігін дамыту,ой қиялдарын ұштау.

Сабақ түрі:  аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндірмелі,сарамандық

Көрнекілігі:  ою-өрнек түрлері,тұрмыстық бұйымдар,қайшы,қарындаш, шаблон.

Сабақтың барысы:         Ұйымдастыру бөлімі

                                        Панарин тестісі

                                           Психологиялық жаттығу

                                      Қию оңай демеңдер,

                                      Оған да өнер ой керек.

                                      Бос мақтанып жүрмеңдер,

                                      Қиюға пысық жан керек.

Жаңа сабақ

 

"Өнер таусылмайтын азық,жоғалмас байлық"-дейді даналар қалай түсінеміз?

-Ою -өрнектерді күнделікті қандай заттардан көреміз?

-Ою -өрнектің қандай түрлерін білесіңдер?

-Ою- деген не?

-Өрнек деген не?

Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына.Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейнені күйдіріп, жалатып,бояп, батырып,қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы.Сондықтан көбінеою-өрнек деп қосарланып айтылады.Қазақ оюы мазмұны жағынан 3 түрлі ұғымды бейнелейді.Олар біріншіден мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден жер-су, көшіп -қону көріністерін, үшіншіден күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. 

Ұлттық киімді сәндеуші ою -өрнек. Ою-өрнек дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесіп, жарасым, көркемдік, жылылық,сұлулық,ойлылық,ақылдылық,зеректік,көңіл-күйдің жақсылығы,шабыт береді.

1.Ою-өрнек ."Ою-өрнек"-сөзі латынның "орнамент" деген сөзінің баламасы."Орнамент"  сөзі -"сәндеу","әсемдеу"

2. Компазиция дегеніміз- өрнекті бүйымның бетіне реттеп орналастыру.

3. Симметрия дегеніміз- ою-өрнектің екі жағы тең болуы.

4. Колорит дегеніміз- ою-өрнектің бояу түрлерінің, ою-өрнектің бір бірімен үйлесіп жарасым табуы.

5. Ритм дегеніміз- ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі.

 

Қазақ халқының сәндік қолданбалы қолөнерінің өсу жолы,өзіне тән даму тарихы бар.Б.з.б.III-IIғасырларда аң стиліндегі өнер біртіндеп құлдырайды.Аң стилі ою-өрнекке айналады.Жануарлар дүниесінің бейнесі схемаға айналып,қолданбалы өнер туындылары шығадыдеген ұғымды білдіреді."Ою" сөзі ,біріншіден, ағаш немесе темір материалдарын ойып,затты көркемдеу дегенді білдірсе,екіншіден,материалды ою немесе ою үлгісін дайындау дегенді білдіреді."Өрнек" деген сөз-бірнеше көркемдеп сызылған сызықтар жиынтығынан құрылған сызба.Ою -өрнектерде халық дүниетанымы,оның өзін қоршаған орта мен сұлулық туралы түсінігі бейнеленген.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.11 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 181

Похожие материалы