Здесь была ссылка на работу 7- модульдың сабақта ықпалдасуы автора Джексембинов Серижан Беркутбаевич.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Тізбектелген сабақтар топтамасына модульдер қалай және неліктен ықпалдастырылғаны туралы толық рефлексивтік есеп. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық техналогияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптастыруын қамтиды. (Barber and Moushad, 2007) Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері – орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім білім беру әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009) Осы бағдарламаның негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрінде ұсынылады. (Нұсқаулық 12- бет)