7 саны мен цифры
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Рысбаева Айгуль Сайлауовна
|
Сабақтың тақырыбы: «7 саны мен цифры».
Сабақтың мақсаты:
1.7санының пайда болуын енгізу, 7 цифрын жазуды үйрету. Білім қорларын молайту.
2.Салыстыра білуге, таза, әдемі жазуға дағдыландыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
3.Тазалыққа, ұқыптылыққа, білімсүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын, т.б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе сандар, қима қағаздар, үлестірмелі материалдар т.б.
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабаққа назарларын аудару;
- Тренинг өткізу «Күлкі сыйлау».
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Берілген есептерді шығарып, сандар қатарын жазып келгендерін тексеру;
0-ден 6-ға дейін тура және кері санап, өткен сабақтарды еске түсіру.
III.Жаңа сабақ.
1. Ауызша 6 санының пайда болуын, 0,1, 2, 3, 4, 5, 6 сандар қатары қайталанып, 6-ны басқа сандармен салыстыру пысықталып, 7 санының пайда болуы, кестені пайдаланып 7 санының шығару. 0,1,2,3,4,5,6,7 сандар қатарын құрастыру, 7-ні 6-мен салыстыру.
Жазда шөпті шабар
Қыста тыныш табар
Шалғы бар әр үйде,
7 – ге ұқсас бәріде.
2. Оқулықпен жұмыс.
№1 Теңдік қалай құрылғанын түсіндіру. 6+1=7 7-1=6
Кесіндінің ұзындығын өлшеу 7см 7см > 6см, 5см, 4см, 3см, 2см, 1см т.б.
№2 7 цифрының кітапта және дәптерде жазылу үлгісін көрсету. Суретке қарап 6 мен 7-ні салыстырып, >,< таңбалары арқылы жазып, оқу керек.
№3 Тақтамен жұмыс. Жазуды толықтыру
0 > 6 6 < 0 6 = 0
0+0=6 6- 0=0
3. Дәптермен жұмыс.
Әрбір оқушы өз бітімен орындау. Таяқшалардың суретін пайдалану арқылы қосындылар мен айырманың мәндерін дұрыс табу, 7-ні басқа сандармен, 7 см-ді басқа ұзындықтармен салыстыру. 7 цифрын жазып жаттығу.
6+1= 7-1=
4 <7 7 >3 2< 7 7 >1 0 <7
7см > 5см 5см <7см
4. Сергіту жаттығулары.
№4. Өздік жұмыс. әйнекшелердің орнына теңдік немесе теңсіздік дұрыс болатындай етіп сандарды тауып қою. Үшбұрыштарды санау, салыстыру
IV.Қорытынды.
«Балапандарды құтқару» ойыны арқылы қорытындылау.
V.Бағалау.
VI..Үйге тапсырма беру.
7 санын жазып жаттығу, есептер шығару
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 14.56 Kb |
Количество скачиваний: | 15 |