7 сыныпқа арналған Қазақстан тарихы пәнінен"Түргеш қағанаты" тақырыбына сабақ жоспары

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер

§3. Түргеш қағанаты

Сабақтың мақсат-міндеттері:

Оқытушылық – Оқушыларды ҮІІІ ғасырда Қазақ жерін мекендеген Түргеш қағанатының тарихымен, қағанаттағы экономикалық және мәдени дамудың бағытымен таныстыра отырып, соғдылар туралы түсінік беру;

Тәрбиелік – Түргеш қағаны сұлудың жүргізген саясатымен таныса отырып, ішкі және сыртқы саяси бағыттарына талдау жасап, өз ойларын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру;

Дамытушылық – Түргештерден қалған мәдени мұралар тарихынан мәлімет бере отырып, тарихи ескерткіштерді қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: интербелсенді тақтамен жұмыс

Оқытудың әдісі: баяндау (әңгіме, диалог), тестпен жұмыс.

Көрнекілік: Қосымша мәлімет

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті – бүгінгі сабақта қатысатын оқушылардың санын тексеру, оқушылардың сабаққа назарын аударту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен жылдың материалын қайталау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

А) Түргеш қағанатының жер аумағы, халқы. Қағанаттың негізгі жер аумағы Жетісу болды. Сонымен қатар Қағанаттың жері Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы Суяб қаласы болды.

Халқының құрамы түрік тілдес тайпалардан тұрды. Түргештер туралы алғашқы деректер «Күлтегін» ескерткішінде және қытай жазба деректерінде кездеседі. Түргеш тайпалары ҮІ ғасырда Шу, Іле өзендері аралығындағы үлкен аймақты мекендеді және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды. Бұл кезде түргештер Батыс Түрік қағанытының сол қанатына енген, адам саны жағынан басым тайпа болған. Түргеш қағанатының өз алдына жеке билік құрған кезеңі туралы «Күлтегін» жазбаларында біршама жақсы жзылған.

В) Қағанаттың ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Түргеш қағанаты Батыс Түрік қағандығының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және мәдени дәстүрлерін жалғастырды. Саяси билік қаған қолында болды. Қағанат 20 әкімшілік аймаққа бөлінді. Аймақтар 7 мыңнан әскер жинады. Үшлік өзін қаған етіп жариялаған күннен бастап елдің саяси-әкімшілік басқару ісіне ерекше назар аударған. Қаған 706 жылы қаза болды.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 34 Kb
Количество скачиваний: 49
Просмотров: 267

Похожие материалы