7 сыныпқа арналған қысқа мерзімдік сабақ жоспар, "Бірқалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар"
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Аккалиева Лайля Маратовна
|
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Миялы селосы, Х. Досмұхамедұлы атындағы орта
мектептің математика және физика
пәнінің 2 санатты мұғалімі
Аккалиева Лайля Маратовна
Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар
Күні: 22.11.14
Сыныбы: 7
Пәні:физика
Сабақтың аты: §24. Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Сілтеме: Р. Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева, Алматы «Атамұра» 2012 жыл, 237 бет
Жоспар:
Жалпы мақсаты:
Ø Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар жайлы мағлұмат беру
Ø Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстарды күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
Ø Бірін-бірі бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже:
Ø Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар жайлы мағлұмат алады
Ø Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстарды күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдануға үйренеді
Ø Бірін-бірі бағалай алатын болады
Негізгі идеялар:
Дененің уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бір қалыпты қозғалыс деп аталады.
Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Ресурстар: Флипчарт, қағаздар, стикерлер, рубрикаторлар
Тапсырмалар:
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
Жеке жұмыс: «Блум таксономиясы»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
1.1. Сәлемдесу
1.2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.3. Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (Смайликтер арқылы үш топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут) «Домино» әдісі арқылы сұралады.
1. Орын ауыстыру деп нені айтады?
2. Жүрілген жол дегеніміз не?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут) Сабақ арқылы оқушылар өз пікірлерін ашық айтып, бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстарға постер, сурет, өлең, ертегі жазады. Сергіту сәті «Көңілді күйді» билейді.
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№
Бағалау өлшемдері
Көш
басшы
Хатшы
Баяндамашы
Уақыт сақшысы
1
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2
Міндетін атқару
3
Топтық жұмысқа атсалысуы
Табыс критерийлері
Дескриптор
Лейблдер
Сабақты жақсы түсініп, меңгеруі
Есептерді өз бетімен есептеп шығаруы
Толық түсінді
Толық емес түсінді
Мүлдем түсінбеді
Толық есептеді
Толық емес есептеді
Мүлдем есеп шығармады.
0 – мүлдем қатыспады
1 – ауызша есепті орындады
2 – ауызша есеппен бірге оқулықтағы есептерді орындады
3 – барлық есепті шығарды
Оқушының аты - жөні
«Домино» әдісі арқылы үй тапсырмасы
Постер қорғау
Сурет салу
Ертегі құру
«Ыстық орындық»
Қорытынды бағасы
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық жұмыс (5 минут)
VІ.Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
1
Білу
Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?
2
Түсіну
Бірқалыпты емес қозғалысқа мысал келтір?
3
Қолдану
Ауылдан Жаңақорғанға дейін қандай қозғалыс түрлері арқылы барамыз?
4
Талдау
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалысты салыстыр?
5
Жинақтау
Автомобиль 1 сағат ішінде 100 км жол жүреді, ал келесі сағатта ол 90 км жол жүреді. Бұл қандай қозғалыс түрлеріне жатады?
6
Бағалау
Қозғалыс түрлерін білудің маңызы неде?
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар
Эссе жазу
Кейінгі оқу
§24. Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 749.5 Kb |
Количество скачиваний: | 39 |