Ақ боран. Ж. Жұмаханов

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Ақ боран. Ж. Жұмаханов.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға Жекен Жұмаханов туралы шағын түсінік беру. Жазушының шығармаларымен таныстыру. Әңгіме мазмұнын ашу, негізгі кейіпкерді айқындата отырып, идеялық мазмұнын түсіндіру.

2. Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерімен жұмыс істеу, ой-өрісін дамыту, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру

3. Туған жерін, табиғатын сүйе білуге, табиғат құбылыстарын бақылай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: Ой қозғау, бес жолды өлең, әңгіме құрастыру, топпен жұмыс. Тіл дамыту, сұрақ-жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Қыс көрінісі, суреттер, инт. тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық. Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару, оқушыларды 3 топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жұмбақтар шешу.

1. Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.         (Шаңғы)

2. Таусылмайтын ақ мақта,

Қысы-жазы тау жақта.        (Қар)

3. Тоңғақты таниды,

Беті-қолын қариды.           (Аяз)

4. Көрінбейді өзі,

Айтатын жоқ сөзі.

Ысқырып тұрады,

Серуен құрады.                   (Боран)

 

Боранның ысқырып соққан үнін инт. тақта арқылы оқушыларға тыңдату.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.5 Kb
Количество скачиваний: 37
Просмотров: 205

Похожие материалы