Абай Құнанбаев «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы…»

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

                                       Бухарбаева Мариямгуль Кырыкбаевна

                                       қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  

   

             Сабақтың  тақырыбы:   Абай Құнанбаев

                  «Өлең – сөздің патшасы, сөз    сарасы…»            (8-класс)

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларды халқымыздың біртуар перзенті Абай өмірімен таныстырып, білім мен ғылымға баулып, жаман мен жақсының не екенін түсіндіре отырып, ажырата білуге баулу.

ә) дамытушылық: оқушылардың Абай шығармаларымен жұмыс істеуі арқылы өнерге деген әуестігін дамыту.

б) тәрбиелік: оқушыларды бірегей тұлғаның өнегелі де өсиетті, сөз маржандары арқылы Отансүйгіштікке, имандылыққа, білімді, өнерлі болуға, тіліміз бен ділімізді қадірлеуге шақырады.

Түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы

Көрнекілігі:  слайдтар, «сөйлейтін қалам», өскен ортасының альбомы, т.б

Оқыту әдісі: топпен жұмыс, әңгімелеу, баяндау, өз беттік жұмыс

Пәнаралық байланыс: тарих, география, музыка.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.       Оқушылармен сәлемдесу.

ІІ. Өткен сабақта жазған «Мазмұндама жұмысын» қорытындылау

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі және сабақтың эпиграфы:
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе
Адалдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге!» -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.
Ендеше балалар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес, көрген – білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі сабағымызда ізденушілік, қорытындылау сабақ ретінде.
Абай лебі - заманының тынысы,
Абай үні –ғасырлардың өрісі - деп сабағымызды бастаймыз.
2. - Балалар, Абайды біз кім деп танимыз?


ІІІ Жаңа сабақ «Мағынаны тану» кезеңі   (слайд)
1) Абай ХІХ ғасырдағы қазақтың данышпан, суреткер ақыны, өз ұрпағын өнер - білімге үндеген ойлы ағартушы екендігін түсіндіру.
1845 - 1904 жылдарда өмір сүрген, қазақ әдебиетінің атасы, қазақтың Ұлы ақыны Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Әжесі Зере, анасы Ұлжан. Табиғат лирикасына байланысты өлеңдер жазған, сазгер, аудармашы (араб, парсы, түрік, орыс ақындарының шығармасын аударған)
Абай тегі: 1. КішІк 2. Әйтек 3. Олжай 4. Қайдос 5. Ырғызбай 6. Өскенбай 7. Құнанбай
Аналары: 1. Күңке - Құдайберді - Шәкәрім.
2. Ұлжан – Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан
3. Айқыз – Халиолла, Ысмағұл
4. Торғай (Нұрғаным) – бала жоқ

2) Абай туралы не білеміз? тақырыбына сұхбаттасу
Оқулықпен жұмыс.    Абай туралы оқу.

Тапсырмалар орындау

  1. Абайдың әкесі – Құнанбай қандай адам болған?
  2. Абайдың меңгерген тілдері
  3. Абай оқыған классиктер

3) Жаңа сабақ тақырыбы:

«Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі

Ақын өлеңін «сөйлейтін қалам» мәнерлеп оқиды.

Мәнерлеп оқуға бейімі бар 4-5 оқушы ортаға шығып, өлеңді шумақтарға бөліп алып, дауыстап оқиды.1мин. оқушылар өлең мәтінімен іштей танысады.

«Кел, сырласайық!» ( сұрақтарға толық жауаптар қайтару)

1 Өлең ұнады ма?

2 Өлең не жайында?

3 Абай өлеңді неліктен « үлкен өнер» деп таниды?

4 Өлең дегеніміз не?

 

4 Сабақты пысықтау           

Дәптермен жұмыс

1 «Өлеңдегі 3 негізгі ой»

Оқушылар кестені дәптерлеріне толтырады, пікірлесіп, ортақ шешімге келеді.

 

2 Сатылай кешенді талдау технологиясы

 

Жанры                           поэзия

Тақырыбы                    «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»

Идеясы                          өлеңнің биік мақсатпен жазулуы

Шумағы                        13        

Тармағы                        52

Буын саны                     11

Ұйқас түрі                     қара өлең ұйқасы

Әдеби көркемдегіш тәсілдер   метафора, ауыспалы мағына

 

3 «Болмасаң да, ұқсап бақ!»

Шығармашылық тапсырма

«Ұлы ақын» атты Абай ақынға арнау өлең, шағын шығарма, ойтолғау жазу.

 

4 Сергіту сәті

Ақынның сүйікті ойыны қандай?

Оқушыларға Абай ақын тоғызқұмалақ ойынын жақсы ойнағанын айтамын.

ІУ. Сабақты қорытындылау

«Бетпе-бет студиясы» әдісі

«Сен Абай жайлы тағы не білесің ?» Оқушылар өзбетімен ақын Абай жайлы қарап келген қызықты, мәнді деректермен бөліседі. Мысалы, оның шығу тегі, жеті атасы, өскен ортасы және М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын бастап оқығандары жайлы баяндайды.

Сабағымды Мұхтар Әуезовтың керемет сөздерімен аяқтаймын.

«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Таза әдебиетті сарынына бой ұрғанда, маған «Абай» деген сөз «қазақ» деген сөзбен ойыма бірге келеді»

У. Оқушыларды бағалау

УІ. Үйге тапсырма    Абайдың өмірін оқу. Өлеңнің бес шумағын жаттау.

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 44.83 Kb
Количество скачиваний: 78
Просмотров: 335

Похожие материалы