Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
            Қызылорда облысы Шиелі ауданы  № 48 Ә. Қоңыратбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қожамбердиева Күлімхан Бәкіртайқызы    Күні: 28. 11. 2013жыл                        Пәні: әдебиет                           Сыныбы:  8 «А»   Сабақтың  тақырыбы:    Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы Мақсаты: а) білімділік: оқушыларымызды халқымыздың біртуар перзенті Абай өмірімен таныстырып, білім мен ғылымға баулып, жаман мен жақсының не екенін түсіндіре отырып, ажырата білуге баулу.                                ә) дамытушылық: оқушылардың Абай шығармаларымен жұмыс істеуі арқылы өнерге деген әуестігін дамыту.                                б) тәрбиелік: оқушыларды бірегей тұлғаның өнегелі де өсиетті, сөз маржандары арқылы Отансүйгіштікке, имандылыққа, білімді, өнерлі болуға, тіліміз бен ділімізді қадірлеуге шақырады. Түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы Көрнекілігі: журналдар, слайдтар,буклеттер, «сөйлейтін қалам», өскен ортасының альбомы, т.б Оқыту әдісі: топпен жұмыс, әңгімелеу, баяндау, өзбетінше  жұмыс Пәнаралық байланыс: тарих, география, музыка, дене тәрбиесі  Жүру барысы:                           1.  Ұйымдастыру кезеңі 1 Оқушылармен сәлемдесу. 2 Жаңа сабаққа психологиялық дайындау. 3 Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.Топ басшыларын тағайындау.  Құрамындағы оқушыларды топ басшылары бағаласа, топ басшыларын өзім бағалаймын.                          2.   Жаңа сабақ  І тапсырма.   Абай ақын өмірі, шығармалары, ақын туралы естеліктер   (Электронды оқулықтан ақын Абайдың өмірі мен шығармалары туралы мәлімет тыңдалады) І топ:     Абай кім? ІІ топ:   Абай өскен орта ІІІ топ:  Абайдың шығармашылығы ІV топ:  Абай туралы зерттеулер, естеліктер. Ақынға арналған өлеңдер оқылып, жазылған естеліктер айтылады.    ІІ тапсырма.     Шығармашылығы                     Поэзиясы Қара сөздері Аудармалары Әндері, күйлері 176  өлеңі бар, «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» поэмалары бар 45 қара сөзі бар М. Ю. Лермонтов И. А. Крылов А. С. Пушкин Я. Полонский «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Бойы бұлғаң», т.б. «Май түні», «Тор жорға», «Абай желдірмесі»   ІІІ тапсырма                   Сөздер, суреттер сыр шертеді   Поэзия минуты (Ақын өлеңдері оқылады)              ІҮ.   Өлең — сөздің патшасы… өлеңі Таспадан «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі тыңдалады                                                    3.  Сабақты пысықтау            І.   «Ақынның  поэзияға қояр талабы»  І топ   Ақын пікірі  ІІ топ    Ақын сыны  ІІІ топ   Өлең дегеніміз не?   ІV топ   Өз пікірің                      ІІ. Сатылай кешенді талдау технологиясы Авторы     А. Құнанбаев Тақырып  -  «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» Жанр түрі – Поэзия (өлең).   Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен үйлесіп келген өрнекті сөз жүйесі.    Идеясы – Ақын өлеңнің үлкен өнер екендігін, оның қадірін кетірмеу керектігі туралы айтады Шумақ дегеніміз – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Өлең 13 шумақты Тармақ дегеніміз – өлеңнің әр жолы. Өлең 52 тармақты. Бунақ дегеніміз – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. Өлең 3 бунақты. Буын саны -  11 буыннан тұрады Ұйқас түрі – қара өлең ұйқас ( а-а-б-а) Әдеби көркемдегіш тәсілдер                               Эпитет  -  Терең ой, терең ғылым іздемейді. Ассонанс – Ескі бише отырман бос мақалдап,                      Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.                                Анафора – Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,                                                    Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап. Риторикалық сұрақ – Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын                                         Қазақтың келістірер қай баласы? Өлеңнің тәрбиелік мәні  - Өлең білімділікке, мақтаншылыққа салынбай әдепті сөйлеуге тәрбиелейді   ІІІ. «Болмасаң да, ұқсап бақ!»  Шығармашылық  тапсырма «Ұлы ақын»  атты Абай ақынға арнау өлең, шағын шығарма, ойтолғау жазу.                                                                    Сабақты қорытындылау «Бетпе-бет студиясы» әдісі «Сен Абай жайлы тағы не білесің ?» Оқушылар өз бетімен ақын Абай жайлы қарап келген қызықты, мәнді деректермен бөліседі. Мысалы, оның шығу тегі, жеті атасы.   Білемін Білдім Білгім келеді           Сабағымды Мұхтар Әуезовтың керемет сөздерімен аяқтаймын.            «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Таза әдебиетті сарынына бой ұрғанда, маған «Абай» деген сөз «қазақ» деген сөзбен ойыма бірге келеді»   6.  Оқушыларды  бағалау 7.  Үйге  тапсырма.   Өлеңді жаттау                                 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.67 Kb
Количество скачиваний: 55
Просмотров: 284

Похожие материалы