Ағдарлама тақырыбы: Машинажұмыстары бойынша жаттығулар орындау Сабақтың тақырыбы:Арнайы және әмбебап машинасымен жұмыс кезіндегі, ылғалдық үтіктеу жұмысын орындауға жұмыс орнын әзірлеу. Машина тігістерін орындау, ЫЖӨ жұмыстарын орындау жаттығулары.

Предмет: Технология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Бағдарлама тақырыбы: Машинажұмыстары бойынша жаттығулар орындау

Сабақтың тақырыбы:Арнайы және әмбебап машинасымен жұмыс кезіндегі, ылғалдық үтіктеу жұмысын орындауға жұмыс орнын әзірлеу. Машина тігістерін орындау, ЫЖӨ жұмыстарын орындау жаттығулары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға арнайы және әмбебап машинасымен жұмыс кезіндегі, ылғалдық үтіктеу жұмысын орындауға жұмыс орнын әзірлеуді, машина тігістерін орындау, ЫЖӨ жұмыстарын орындауды практикада үйрету

Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін, мамандығына деген

қызығушылықтарын дамыту;

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, іскерлікке, шыдамдылыққа баулу;

Сабақ түрі: Аралас

Әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық.

Көрнекілік: Нұсқау карталар, үлгілер, шеберхана жабдықтары,

оқушылардың жеке құралдары.

МТҚ: АТҚ

Пәнаралық байланыс:Технология, жабдық

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі (5 – 6 мин)

1. Оқушылармен амандасу

2. Жоқ оқушыларды белгілеу

3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Кіріспенұсқау (30 – 35 мин)

Оқушылардың зейінің жаңа сабаққа бейімдеу: «Топшамамен жұмыс»

Атауы

Жұмыс мазмұны

Көктеу

Көлемдері бірдей екі бөлшекті

бір - біріне уақытша қосу

Қосып көктеу

Көлемдері әр түрлі бөлшектерді қосу

Айналдыра көктеу

Көмкерілген бөлшектердің жиегін уақытша қиғаштап тігу

(оң жағына айналдыратын бөлшектерді уақытша көктеу)

Қайырып көктеу

Пішілген матаның шетін бүгіп уақытша бекіту

Жапсыра көктеу

Екі бөлшекті бірінің үстіне бірін салып көктеу

Қондыра көктеу

Екі бөлшекті ойынды бойымен уақытша біріктіру

Жапсыра тігу

Бүгілген қиықты бекіту

Қадау

Фурнитураны бұйымга бекіту

Шеттік шығару

Оң жағына айналдырылған бөлшектен 0,1- 0,2 см қиғаш тігіспен шеттік шығару

Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау :

«Арнайы және әмбебап машинасымен жұмыс кезіндегі, ылғалдық үтіктеу жұмысын орындауға жұмыс орнын әзірлеуді, машина тігістерін орындау, ЫЖӨ жұмыстарын орындауды практикада үйрену»

ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау:

Машина жұмысын ұйымдастыру

  • 1.Тігін машинасын жұмысқа даярлау: Қозғалтқыш қосып,
    машинаны жұмыс жүрісіне қою. Үстіңгі, астыңғы жіптерді өткізіп (шөрікті тігін машинасының астыңғы құрылғысына орналастыр,сырт еткен дыбыс естілгенде шөрікке дұрыс орналасқаны.қақпақшаны жауып,инені жоғары-төмен қозғалып төменгі жіпті суырып шығару керек. Жоғарғы жіп пен төменгі жіптің ұшын тартып, табан астынан кері жібер), тігістің қажетті ұзындығын реттеп, инені жоғары көтеру.
  • 2. Жұмысты бастау: тігілетін матаны табанның астына қыстырып, инемен шаншу; жұмысты жалғастыру.
  • 3.Жұмысты орындау: қозғалтқыш тұтқаны айналдырып, матаны белгіленген орны бойынша бағыттап отыру.
  • 4.Жұмысты аяқтау: инені, машинаның табанын көтеру, сол қолмен матаны шығарып, жіптерін қою; машинаны бос жүріске қою.

Машинаменжұмыс жасаукелесі тәртіптерді қарастырады:

  • 1.Жұмысшы отырғандатіке отырып, аздап алға қарай иілуі қажет
  • 2.Жұмысшы мен машинаныңарақашықтығы30 - 40 см болуы тиіс
  • 3.Оң аяғы машина педалінде болуы, ал сол аяғы оң аяғынан жақын орналасуы қажет
  • 4.Жұмысорнындажарық жеткілікті болуыкерек, егер жарықтолық жетпеген жағдай да машина корпусына жеке жарық орнатылады.
  • 5.Жұмыс үстелінде жұмысқа қажетті құралдардан басқа артық нәрсе тұруға болмайды.
  • 6.Жұмыс соңында әр жұмысшы өз жұмыс орнын жинап, тазалауы тиіс:
  • Қоқыстар мен қалдық жіптер, мата қиындыларын арнайы қоқыс жәшігіне тастау;
  • Қайшыны мұқият өз орнына қою;
  • Машина мен оның бөлшектерінің түгелдігімен немесе бұзылғанын ескертіпмашинаны өндірістік шеберге тапсыруы тиіс.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 1.24 Mb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 156

Похожие материалы