«Ғажайып физика» - сайыс сабақ - 7-8 сыныптар

Предмет: Физика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

 Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен

                    жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге

                    қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін

                    қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта

                    алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: презентация, қобдиша, физикалық приборлардың суреттері,  оқушылардың шығармашылық көрмесі, физикалық тәжірибе жасауға арналған құралдар,

Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау, сұрақ-жауап.

Формасы: сайыс

7-8 сыныптар арасында өткелі отырған  «Ғажайып физика»   атты шарамызға қош келдіңіздер!

Физиканың еліне

Батыл қадам жасайық,

Осылайша шабытпен,

Сайысымызды бастайық!

Сайысқа  қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Ойынға 2 топ қатысады.

1.      «Ойшылдар» тобы  - 7а

2.      «Тапқырлар» тобы  - 8а

 

БАРЫСЫ:

Сайыстың шарттары:

1.      ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);

2.      «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);

3.      «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);

4.       «КІМ ТАПҚЫР!»

5.      «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

6.      «СЕРГІТУ СӘТІ» (Кел, күлейік!),

7.       «ТІЛ - ӨНЕР»(жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару);

 

 1.ТАНЫСТЫРУ

(Сайысқа қатысушы екі топ өздерін таныстырады.)

1-топ: «Ойшылдар» тобы

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

               Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.

Сәлемдесуі:

              Достарым ерігіп жүрме бос,

              Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

              Жеңіспен мәреге барайық,

              Жеңістің ұранын салайық.

2-топ: «Тапқырлар» тобы

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

              Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:

              Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

              Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

              Алға қойған мақсатымыз бір екен,

              Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

2.«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар).

2 топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай

1-топ: «Ойшылдар» тобы

1. Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе-... (дене)

2.Біздің ғаламдағы  жұлдыздар саны  (150 миллиардтай)

 

3.Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі (Рекс)

4.Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? (Жетіқарақшы)

5.Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. (Әл-Фараби)

6.Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ағылшын ғалымы? (Иссак Ньютон)

7.Заттың ең кішкентай бөлігі? (атом)

8.Физика не туралы ғылым? (табиғат)

9.Температураның шкаласы? (Цельсий 0С)

10.1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? (адам ғарышқа ұшты)

 

2-топ: «Тапқырлар» тобы

1.Энергияның дененің көбірек қызған бөлігінен азырақ қызған бөлігіне қарай таралуы. – (Жылу өткізгіштік)

2.Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы – (Қатаю, кристалдану)

3.Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді ?- (Спидометр)

4.Жылу мөлшерінің халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? (Джоуль)

5.Ауаның қысымын анықтайтын құрал (Барометр)

6.Сұйықтар мен газдардың қысымы барлық жаққа бірдей жеткізеді дегенді айтқан фрацуз ғалымы (Блез Паскаль)

7.Судың меншікті жылу сыйымдылығы– (4200 Дж/кг·0С)

8.Келвин шкаласында  судың қату температурасы – (273 К)

9.Конвекция  дегеніміз не?  - (сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі)

10.Меншікті жану жылуының өлшем бірлігі (Дж/кг)

 

3. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);

Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.

Олай болса, ойынымыздың келесі шартына көшейік.

 

4. «КІМ ТАПҚЫР!»

1. 10  Ғалымдар  -  Орыс тіліне «физика» деген сөзді алғаш енгізген үлы ғалым.

( М.В.Ломоносов)

2. 20 Ғалымдар –  Заттар бөлінбейтін өте кішкентай бөлшектерден тұрады деп жорамалдаған грек ғалымы . (Демокрит)

3. 30 Ғалымдар –  1969 жылы айға алғаш табан тіреген американ ғалымдары кім? (Н.Армстронг пен Э.Олдрин)

4. 40 Ғалымдар -  Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін алғаш байқаған қай ғалым еді. ( Э.Торричелли)

1. 10 Формула – Бұл    қандай  формула. (жылдамдықтың формуласы)

2. 20 формула -   бұл қай өрнек. ( меншікті жану жылуы)

3. 30 формула -     қай формула. (дененің тығыздығы)

4. 40 формула  -   бұл қай өрнек. (ауырлық күші)

 

1.  10  Өлшем бірлік -  м/с қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі. (жылдамдықтың)

2.  20  Өлшем бірлік -  м2 қандай шаманың өлшем бірлігі.  (аудан)

3.  30 Өлшем бірлік – кг қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі (масса)

4.  40 Өлшем бірлік -  келвин  қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі. (температура)

 

1. 10 аспаптар – Сұйықтың көлемін өлшеуге арналған аспап. (мензурка).

2. 20 аспаптар  - дененің массасын анықтауға арналған құрал. (таразы)

3. 30 аспаптар – күшті өлшейтін  аспап. (динамометр)

4. 40 аспаптар – телескоп дегеніміз қандай аспап.  (астрономияның негізгі құралы).

 

1. 10 Салт-дәстүр – Айтыстың ен көне түрі  (Бәдік)

2.  20 салт-дәстүр - Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киген ? (Жаңа түскен келін)

3. 30 Салт дәстүр -  Өмілдірік деген не?  (Ер тұрман әбзелі)  

4. 40  Салт-дәстүр   Үш қуатты ата   (ақыл, жүрек тіл)  

 

 

5. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды.Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай.

«А» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: калий перменгаты (марганцовка), суы бар стақан,қысқыш,  ыстық суы бар шәугім

Тапсырма: 1. Суы бар стақанға калий перменганатының түйірін  сал.

Не байқалады?

Марганцовка суға жайылады.Диффузия құбылысы..

Себебі: Диффузия құбылысы. Сұйықтарда диффузияның таралуы. Салқын суда жәй таралады

2. Енді ыссы суды алып, марганцовканың түйірін саламыз.

Не байқалады?Марганцовка тез жайыла бастайды.

Себебі: ыссы суда диффузия тез жүреді. Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады.

«В» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз

Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.

1. Бетін қағазбен жап.

2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.

3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.

4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқалады?

Су стақаннан төгілмейді. Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?

Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.

6. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)

Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?  Жауабы: МЫСЫҚ

7. «ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару);

Дұрыс жауапқа қазақ тілінде – 10 ұпай,орыс тілінде – 10 ұпай,ағылшын тілінде – 10 ұпай.

Сұрақтар:

1.Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток, ток, energy)

2.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)

3. Суға салсаң батпайды,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)

4. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.  (кітап, книга, book)

5.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)

6. Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)

 

 

Екі топтың ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын шығарғанша ортада «Физика тұрмыста» атты көрінісімізді тамашалаңыздар.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендеріңізге көп рахмет!

Шын сезінген көрерменге

Айтамыз біз мың рахмет! – дей келе, келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 70 Kb
Количество скачиваний: 123
Просмотров: 308

Похожие материалы