Тақырыбы: Ғаламшардағы тіршілік.
Білімділік: Оқушыларға жалпы ғаламшардағы тіршілік туралы жан-жақты түсінік беру.
Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Кезең
Мұғалім әрекеті
Оқушылар әрекеті
1
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады.
Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.
2
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау.
1.Тепе-теңдік дегеніміз не?
2.Тепе-теңдікке мысал келтіріңдер.
3.Адамдардың тепе-теңдікті сақтауына не әсер етеді?
Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға қыскаша жауап береді.
3
Тірі организмдер 4 патшалыққа бөлінген: микроорганизмдер,саңырауқұлақтар,өсімдіктер және жануарлар.Жер бетіндегі барлық өсімдіктер флораны,ал жануарлар фаунанықұрайды. Жердің организмдерден тұратын және оларды қалыптастырушы тіршілік ортасынбиосфера қабығы (грекше биос-тіршілік) дейміз Биосфераға гидросфераның барлығы, литосфераның жоғарғы қабаты және атмосфераның төменгі қабаты кіреді.Яғни тіршілік бар жердің барлығы кіреді.
1.Тірі организмдердің бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
2.Қандай тіршілік иелерін өсімдіктерге және жануарларға жатқызамыз?
Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.
4
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды.
1.Биосфера дегенді қалай түсінесің?
2.Биосфераның шекарасын анықта.
3.Адам биосфераның бір бөлігі бола ала ма?
4.Флора және фауна деген не?
Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс.
Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды.
5
§43 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
6.
Сабаққа қатысқаны бойынша бағалау.