«Алуан-алуан кәсіп бар, Таңдай біл де, талап
Предмет:
|
Директору-завучу
|
Категория материала:
|
Другие методич. материалы
|
Автор:
|
Маханбетова Қымбат Мұсақызы
|
Здесь была ссылка на работу «Алуан-алуан кәсіп бар, Таңдай біл де, талап автора Маханбетова Қымбат Мұсақызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Тақырыбы: «Алуан-алуан кәсіп бар, Таңдай біл де, талап қыл». Мақсаты: Оқушылырдың таңдаған мамандықтары, олардың қоғамға тигізетін пайдасы жайлы айта келіп, өмірге қызығушылығын арттыру, жан-жақты үлгілі, өнегелі адам болып қалыптасуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Мамандықтар жайлы суреттер, нақыл сөздер Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды бүгінгі күнгі пікіралмасуға даярлау. ІІ.Негізгі бөлім: Жүргізуші: Кәсіптер көп қастерлі Алуан – алуан сыры бар. Бейіміңді ескер де, Таңдап соның бірін ал. Темір қанат сұңқардың Құлағында ойнаған. Тіліп бұлттың ұлтанын Ұшқыш болғың келе ме? Тастап арзан ойыңды, Жақ та үміттің алауын, Ортаға сал ойыңды Қане қайсы қалауың? Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар және мектеп бітіруші түлектер! Құрметті ұстаздар, оқушылар. Ұлы данышпан атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан,» - деп сіздердей жалынды жастарға өмірдегі өз жолдарыңызды жаңылмай тауып, еліміздің өркендеуіне үлестеріңізді қосу үшін еңбектенулеріңіз керектігін ескерткендей емес пе? Олай болса, бүгінгі «Алуан – алуан кәсіп бар, Таңдай біл де, талап қыл» пікірталасымызды бастаймыз. Пікірталасымызды бастау үшін бітіруші түлектердің сынып жетекшісі Тойшыбаев Мақсат ағайға сөз береміз. Бүгінгі мектеп бітіруші жастардың алдында: «Кім болам? Қандай болуым керек? Неге қабілеттімін? Қай жерге керекпін?» деген сан алуан сұрақтар тұрғаны анық. Талапкерлердің жүрек түкпіріндегі ой-арманын, алдына қойған мақсаттарын, кім болғысы келетінін өздерінен білгеніміз дұрыс шығар. Мамандықтың ішінен әркім өзіне лайық деп, мен қалаған, мен іздеген мамандық деп таңдап, талаптанып әректетенуде. Халық үшін теміржол қатынасында қалтқысыз қызмет етіп жүргендер қаншама десеңші! Жүрек қалауымен таңдаған адам ғана қиын мамандықтың қыр – сырын жақсы меңгереді. Біздің ортамызда темір жол мамандығын таңдаған Абдурахманова Бағилаға сөз береміз. Бейбіт өмірдің тыныштығын сақтап, халықтар арасында ынтымақ, түсіністік болу үшін, тәртіп орнауы үшін жұмыс жасайтын «Ішкі істер қызметкері болсам» -деп армандап жүрген түлектердің бірі Бегманова Перизаттың таңдаған мамандығы бойынша пікірін білсек. Біздің заманымыз, өмір сүріп жатқан ғасырымыз – білімділер ғасыры. Оқимын, білгім келеді, үйренемін, ізденемін дегенге барлық мүмкіндік жасалған заман. Ақпараттың дамыған заманы. Қазір қайда болсақ та бұқара ақпарат құралдарынсыз, яғни газет - журналдардан көз ашпай отырған азаматтарды көреміз. Заманымыз жақсы дамып келе жатқандықтан мамандықтың да түрі өте көп. Болашақта журналист – тілші болғысы келетін Досжанова Арайлымның алдына қойған мақсатын және таңдаған мамандығының өзіндік себептерін білсек. Дені сау адамның ынтасы да, қабілеті де жоғары болмақ... Адам денсаулығының мықты болуына көп көмегін тигізетін спортшы болғысы келетін Сейітқұлов Нұрланның осы мамандығы жайлы пікірін тыңдасақ. ІІІ. Пікіралмасу. Төменде берілген сұрақтар бойынша оқушылардан жауап алып, пікіралмасу. Сұрақтар: 1. Осы мамандыққа қабілетті екендеріңізді қалай білдіңіздер? 2. Егер таңдаған мамандықтардың бірі себептердің әсерінен ауысып кетуге мәжбүр болғанда қандай мамандық таңдар едіңдер? 3.Биыл алға қойған мақсатыңыз орындалмаса, өмір тоқтап қалмайды ғой, алдағы уақытта өзіңіздің таңдаған мамандығыңызға қол жеткіземін деп талпынбайсыз ба? Қол сілтеп кете бересіз бе? 4.Сіздердің еш біреуіңіз мұғалім мамандығын таңдамапсыздар. Сіздердің бойларыңызға білім нәрін сеуіп осы дәрежеге жеткізген ұстаз емес пе? Сендерде осы ұстаздарың сияқты алдағы ұрпаққа білім беріп, тәрбие беріп, ұстаз деген атқа бөленгілеріңіз келмей ме? 5.Оқушылардың таңдаған мамандығы бойынша мұғалімдердің пікірін тыңдасақ. (Пікіралмасуға қатысып отырған Айжан апай, Дәурен ағай, Болат ағай және мектеп психологы Сәрсенкүл апайлардың пікірі) Ой қозғау: Оқушыларды екі топқа бөліп « Болашақ студент қандай болу керек?» және «Болашақ маман иегерлері қандай болу керек?» деген сұрақтар арқылы екі топтың пікірін тыңдау. -Алтын ұя мектебінен өмірге қанат қағып ұшқалы отырған бітіруші балапандарға өз тілегін айтып, батасын беру үшін ұстаз –ана, тәжірибелі мұғалім Айпейсова Нұрипаға сөз береміз. Қорытынды:
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
19.49 Kb
|
Количество скачиваний:
|
101
|
Просмотров: 455
Похожие материалы