АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТОПОНИМИКАЛЫҚ АТАУЛАР

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Ақмола облысындағы топонимикалық атаулар /Бурабай ауданының мысалында/»                   Тақырыптың өзектілігі: Бурабай ауданының географиялық тарихи атаулардың шығу тегін, оның уақыт өте келе түрленіп өзгеруін зерттеу.                   Ғылыми жұмысын жазу барысында жер- су атауларының атаудың шығу тегіне / этимологиясына/ арнайы назар аудардым. Жер атаулары қоғам, адам өмірімен, халықтың тілі және тарихымен, оның ғасырлардан келе жатқан мәдениеті, діні, саяси тірлігімен етене, тығыз байланысты.                   Зерттеу жұмысының өзектілігі:                   Қазақстан бойынша географиялық нысандар атауларын толық жинау, оларды есепке алу шаруасы әлі іс жүзіне асқан жоқ. Жер-су атауларының аталу себебі әр алуан- бір жағынан, жер көлеміне байланысты болса, екіншіден, негізгі кәсіп- мал шаруашылығының жай-жағдайына тікелей қатысты. Өйткені көшпелі өмір мал күтіміне сай жердің ой- қырын, шөбінің шүйгіндігін, суының ащы- тұщысын, қорған болар тауының биік- аласалығын, көшіп- қонар жер жағдайының ыңғайлылығын білуді талап еткен. Ащыкөл, Ащықұдық, Атқырылған, Ешкіөлмес, Батпақкөл, Жаманбұлақ, Жамансор, Жамантұз, Көлащы деген атаулар көл мен бұлақ, сор далалардың малға жайсыз әрі қонысқа жарамсыз, сусыз, нусыз, шөл дала екендігін білдірсе, Жақсытұз, Жылой, Қорғанжар, Қорғантас, Салқынбел, Сұлутөр, Байқоныс, Мыңжылқы, Кеңсу, Кеңбұлақ тәрізді атаулар сол жердің малға да, адамға да жайлы екендігін аңғартып отырған. Бірсыпыра топонимдер (Бәйгекүм, Биесойған, Нарсойған, Аққойсойған, Қарындыағаш, Аманөткел, Итемгенкөл, Кемпірсай, Кемпірөлген, Кіндіккескен, Балатуған) этнографиялық, яғни этномәдени жағдаяттармен тығыз байланысты болса, көптеген топонимдер қоғам өміріндегі тарихи оқиғалардың куәгері іспетті: Аңырақай, Қалмаққырылған, Қалмаққырған, Қарауылтөбе, Ойрантөбе, Ордатөбе, Шоқанасуы, Үйсінтауы, Қыпшақкөлі, т.т..
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 57 Kb
Количество скачиваний: 32
Просмотров: 192

Похожие материалы