Ана тілі «Балуан»
Предмет:
|
Начальные классы
|
Категория материала:
|
Рабочие программы
|
Автор:
|
Асыкбаева Несипхан Бишеновна
|
Здесь была ссылка на работу Ана тілі «Балуан» автора Асыкбаева Несипхан Бишеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Cабақтың тақырыбы: Балуан Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Өткен сабақты пысықтау,мазмұнын ұғыну,баяндауға дағдылану . Тәрбиелілігі:Адамгершілікке, жанашырлыққа,алғырлыққа баулу. Дамытушылығы:Өз бетімен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру,ақылы мен ойын дамыту,зейінін тұрақтандыру. Сабақ түрі : Сайыс сабақ Сабақ типі:Пысықтау, жаңа мәтінді ұғыну. Пәнаралық байланысы:Еңбек,дүниетану,қазақ тілі. Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап,түсіндіру,әңгімелеу,топтастыру,эссе жазу,өлең құрастыру. Сабақ көрнекілігі: Интербелсенді тақта,жетон- жапырақтар,слайд суреттер. Сабақ жүрісі: Бүгінгі таңда Францияның Консумер қаласында «Намыс дода» ойыны өтуде.Оған біздің Қазақстанның жастары қатысуда.Олай болса , Қазақстанның болашақ жастары -біз де ат салысайық! Алдарыңызда отырған «Намыс дода» сайысы сабағына қатысушы жеңістен үміткер- ел ертеңі деп біліңіздер! Сайысты жүргізуші мен-Асықбаева Несіпхан. Намысы қозбайтұғын қазақ бар ма? Әділдік пен ақиқат тұрған шақта, -дей отырып,сайыс сабағымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін:(интербелсенді тақта) І.Үй жұмысын тексеру. ІІ.Жаңа сабақ. ІІІ.Кітаппен жұмыс. ІV. «Бәйге ойыны» V. «Шабытты шәкірт» шығармашылық жұмыстар байқауы. Сайысымызды бастамас бұрын жұмбақ шешу арқылы топ аттарын тауып алайық: (интербелсенді тақта) Анада жоқ, Әкеде бар. Әжеде жоқ , Көкеде бар.(К) Қозыда бар, Қартада жоқ. Жазда бар, Жалда жоқ.(З) «К» дегенім «Күштілер» ғой керекті, «З» дегенім «Зерделілер» зеректі. Екі топқа аты жазылған көрсеткіш беріледі. -Әр жұмысты орындаған оқушыға,сұраққа жауап берген оқушыға,сұраққа жауап берген оқушыға жетон-жапырақ беріп отырамын. - Қазір қай мезгілдің аяғы?Күздің ең соңғы күні болу себепті сендерге жапырақ беріп отырамын. «Бірлік болмай,тірлік болмас», «Бәріміз біріміз үшін,біріміз бәріміз үшін» деп,намысқа тырысайық, жұмыла жұмыстанайық. Интербелсенді тақтада: І бөлім. Үй тапсырмасын тексеру. «Күштілер» тобы:а) Аянға келген қара қағаз. ә) Ат қорада. б) Ауылдан кетуі. в)Аянды еске алу. «Зерделілер» тобы: Аянға мінездеме беру. Үй жұмысын қорытындылау: - Осы «Жусан исі» мәтіні қай шығармаға ұқсас? - Айырмашылығы бар ма? Өткен сабақтарды еске түсіру арқылы оқушыларды жаңа сабаққа дайындау: -Балалар , осыған дейін көптеген ірі тұлғалармен ,яғни қазақтың ұлы перзенттерімен таныстық.Қазір олар туралы не білетінімізді айтайық. Суреттерін таратып беру арқылы Қ.Сағырбайұлы,Д.Нұрпейісова,Қ.Сәтбаев,А.Иманов,М.Мәметова,Ә.Молдағұлова туралы оқушылардың жауаптарын тыңдау. Осындай ұлы адамдардың бірі-қазақ халқының атын әлемге танытқан Қажымұқан Мұңайтпасовпен ,Әуелбек Қоңыратбаевтің шығармасы, яғни «Балуан» мәтінімен танысамыз. Тақтаға күннің жады,тақырып жазылады. Интербелсенді тақтадан Қажымұқанның суретін көрсету. ІІ бөлім:Жаңа сабақ. 1871-1948 жылдар аралығында өмір сүрген ,алып күш иесі болған. Қажымұқан бала кезінен ауыл тойларында күрестерге қатысып, «Бала балуан» атанған.Қаладағы көпеске жалданған Мұқанды бірде отынға жұмсайды.Қалың қарда отынды көтере алмай болдырған атты орманнан қалаға отынның үстіне салып,отынмен қоса шананы сүйреп келеді. Циркте өнер көрсеткен ол бүкіл елді аралап,әлем чемпионы атанды.Қажымұқанға шығыс елдеріндегі чемпионатта жеңгені үшін ,түрік жүрты «Қажы» атағын береді,содан Мұқан «Қажымұқан» атанып кетеді. Ел басына күн туған Ұлы Отан соғысына ел-жұртты аралап,әр түрлі ойын көрсетіп,жинаған қаржысына ұшақ жасатады.Оның қапталына «Ер жүрек қазаққа» деп жазып,соғысқа жөнелтеді. ІІІ бөлім: Кітаппен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу. «Күштілер» тобы: Мәтіннен Қажымұқанның медальдары жөніндегі айтылған тұсты тауып оқы. «Зерделілер» тобы:Мәтіннен жапон балуанымен күрескен сәті суреттелген жолдарды тауып оқы. ІV бөлім: Сергіту сәті: «Бәйге» ойыны. V бөлім: «Шабытты шәкірт» шығармашылық жұмыстар байқауы. «Топтастыру» стратегиясын қолдану арқылы эссе,өлең құрастыру. Қорытындылау: Жетон жапырақтарды санау.Қай топта көп ұпай болса,сол топты мадақтау. Үйге тапсырма беру: «Балуан» мәтінінің мазмұнын айту. Бағалау. «Тұрыш мектеп-балабақша кешені» КММ мұғалімі Асықбаева Несіпхан.
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
38.69 Kb
|
Количество скачиваний:
|
8
|
Просмотров: 127
Похожие материалы