Ана тілі. Әбіш Кекілбаев «Тасбақаның шөбі» 3 сынып

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
Бабалар талай жылғы тәжірибесінің маңызындай етіп ұрпағына «сәуір болмай, тәуір болмайды» деген сілтемесін де қалдырған. Шын мәнінде көктемнің лебі осы кезден бастап еседі. Күн күркірейді, көкке бұлт айналып найзағай ойнайды, жел көтеріледі. Сәуірдің қара жаңбырын күтетін тұс міне осы. Құбыладан соққан қызыл жел осы айда оқтын-оқтын жаңбырмен алмасып отырады. «Жазғытұрғы жел жардай атанды жығады» деген сөз де бар. Сәуірдің үшінші онкүндігінде екілене соққан осы жел «тасбақаның дауылы» деген атақ алыпты. Өйткені қыстай жер астында ұйқыда жатқан тасбақа осы тұста жер бетіне шығады. Егер тасбақаның үстіне жабысқан ылғалды топырақ көп болса, ылғал мол жыл болады деп қуанады   Сонымен бірге  қазақ қалқы  ырым сөздерге сенім артып, жақсы нәрселерді үнемі ырымдап отырған. ( Мысал келтіру) Тасбақа шөппен қоректенеді. Кейбір тасбақа жерге  шыққанда аузына шөп тістеп шығады. Сәті түсіп, оны көріп, алған адамның жолы болады. Ойлаған ойы орындалады деп халқымыз ырымдап отырған.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.22 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 143

Похожие материалы