«Ана тілің еркіндігің теңдігің, мәртебеңді биіктетер елдігің» Пікір сайыс.
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Есболатова Айгул Далдашқызы
|
Мектеп оқушыларының сауаттылығын қалыптастырудағы кітапхананың рөлі.
Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана да осы міндетті бірге атқарады. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал, кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. Кітапханашы мамандығын таңдаған, өз қалаған мамандығына құрмет пен сүйіспеншілікпен қарап, білімдерін жетілдіріп, заманауи технолгияны да меңгеріп жас ұрпақ тәрбиесі мен кітап оқуға деген қабілетті дамытуда кітапханашылардың еңбегі зор.
Қазіргі заманауи технология дамыған заманда оқушылардың талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше. Әрбір оқырманға дұрыс бағыт беру, сұранысын қанағаттандыру-кітапханашының міндеті.
Егемен еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты жан-жақты сауатты ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі жас ұрпақ-ертеңгі егемен еліміздің болашағы, халық тағдырын шешетін азамат. Қазіргі өмірде, кітаптың адам өмірінен, әсіресе оқушының жан дүниесінен алатын орны қандай? Кітап кейінгі орынға ығысып қалған жоқ па? Заман талабына сай жетік технология бар, не керекті интернет жүйесінен табасың, кітаптың керегі де болмай қалуы мүмкін деген күдікті ой әркімге де келеді деп ойлаймын.
Бірақ олай болуы мүмкін емес. Кітап-біздің рухани құндылығымыз, байлығымыз. Өткен заманның тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де басқа ғылым кереметтерін де кітапханадағы кітаптан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі- осы кітаптар. Рухани білімнің, рухани мәдениеттің қажеттілігі мен маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол мызғымас байлықтың қайнар бұлағын «кітап» деген құдіреттен тапты. Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған ХХІ ғасырда да бәрінің бастауы кітап оқып, зерттегеннен шыққанын айтып отыру кітапханашының парызына айналды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 549.16 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |