Оқырмандарға кітап оқуға қызығушылығын арттырудағы кітапханашының рөлі

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Оқырмандарға кітап оқуға қызығушылығын арттырудағы кітапханашының рөлі

“XXI ғасыр- білім мен ғылымның ғасыры болады”,- деп Елбасымыз айтқанындай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Осы жерде кітап пен кітапхана жұмыстарының сырт қалып қойып жататыны белгілі. Жастарымыз кітап пен кітапхананы жаңа заманның ақпараттық технологиялармен айырбастап жібергені анық.

Қазіргі ақпараттық құралдардың қарыштап дамып бара заманында жас оқырмандарымыздың кітап оқуға қызығушылығы қандай деңгейде?! Кітап оқуға қызыға ма, әлде интернет арқылы керекті мәліметтерін алып заман талабына ілесе ала ма?! Интернеттік жүйенің қажеттілігі де, өз жетістігі де ұшаң-теңіз. Дегенмен оқырмандарымыз интернеттен көркем әдебиеттерді қалай алып оқиды? Көп уақыт компьютер алдында сағаттап отырып оқи ала ма? Интернет кітап орнын ешқашан толтыры алмайды! Жас оқырмандарымыздың кітап оқуға қызығушылығын қалай арттырымыз? Бұл сұрақ бүгінгі күннің үлкен өзекті мәселесі болып отыр. Ұлы ойшыл Шекспир: “Кітап-маған тақтан да қымбат”,-деп кітаптың құдыретіне табынды, бүгінгі жедел ақпараттың тасқынының тасасында қалып бара жатқан “кітап әлемін” қайта жандандыру – кітапханашыларға жүктелген үлкен міндет. Кітап оқу мәселесі бүкіл ұлтты толғандыруы тиіс. Ұлттың рухани сауаттылығы кітап оқуға тікелей байланысты. Әр елде жүргізілген тәжірибелер арқылы мынадай жағдайлар анықталған: кітап оқитын адамдар бегілі бір мәселе төңірегінде тез шешім қабылдауға бейім, есте сақтау деңгейі, шығармашылық қабілеті жоғары, сөздік қоры бай, ойын еркін жеткізе алатындығымен, елмен жақсы қарым-қатынас жасай білетіндігімен ерекшеленеді екен.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 580.98 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 161

Похожие материалы