«Үздік мектеп кітапханашысы-2015»
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Есболатова Айгул Далдашқызы
|
Қайырлы күн! Қадірменді бүгінгі сайысымыздың қонақтары,
кітапханашылар, ұстаздар!
Бүгін тамаша бір сайыс өткелі отыр. Бұл сайыс қаламыздағы мектеп кітапханашыларының сайысы. «Үздік мектеп кітапханашысы-2015».
Сайыстың басты мақсаты: кітапханшылардың шығармашылық жетістіктерін айқындау, еңбектің жаңа формалары мен әдістерін енгізуге ықпал ету, кітапхана мен оның қызметкерлері, яғни кітапханашылардың мәртебесін көтеру болды.
Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана да осы міндетті бірге атқарады. Кітапханашы мамандығын таңдаған, өз қалаған мамандығына құрмет пен сүйіспеншілікпен қарап, білімдерін жетілдіріп, заманауи технолгияны да меңгеріп жас ұрпақ тәрбиесі мен кітап оқуға деген қабілетті дамытуда кітапханашылардың еңбегі зор. Сайысқа қатысуға білім деңгейіне, жұмыс өтіліне, лауазымына қарамастан ықылас білдірген он маман ұсыныс берді. Енді осы сайысқа қатысатын мектеп кітапханашыларын құрмет пен қошамет көрсетіп, ортаға шақырайық.
Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал, кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы міне бүгінгі біздің кітапханашылар.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Яғни, сайыскерлеріміз төменде ұсынылған бағдарлама бойынша жарысқа түсіп, өз қабілеттері мен өнерлерін көрсетпек.
Құрметті әріптестер, тапсырмаларды орындау кезінде, уақыт мөлшерін, яғни регламентті сақтауларыңызды сұраймын.
Сайыс болғаннан кейін, міндетті түрде әділқазылар болады. Бүгінгі сайыстың әділқазылар алқасының құрамымен таныстырайын.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 617.37 Kb |
Количество скачиваний: | 41 |