Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік іс-шараның өткізу жоспары
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Утебаева Сандугаш Еркиновна
|
«АНА БІЗДІҢ КҮНІМІЗ»
Жүргізуші:Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің әр айың.
Армысыздар, құрметті қонақтар,аналар,әжелер,сүйкімді қыздар көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз мерекелеріңіз құтты болсын.Біз үшін ең қымбатты,ең ардақты аналарымызға арналады.
(Ортаға әуенді музыка ырғағымен балалар кіреді).
Тақпақ:,
Айзада : Анаң болса қасында,
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі,
Мейірімді ғой керемет.
Санжар: Наурыздың сегізі ,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
Александра: Анашым анам,
Ризамын саған.
Тіліңді алам,
Ақылды болам.
Раушан: Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Анамыздан тарайды,
Біздің ана тіліміз.
Ән: Н. Тілендеиев. «Құттықтаймын, анашым» әні орындалады.
Айналайын мама, туған күніңмен
Сыйлайыншы саған дала гүлін мен,
Күлімдеген көзің күннің нұрындай,
Ұлым деген сөзің, ақын жырындай
Ля-ля,ля, ля-ля,ля, ля-ля,ля,ляяяя...
Дүниеде артық жан жоқ мамамнан
Дариядай шалқып ән боп таралған,
Айналайын мама, туған күніңмен
Сыйлайыншы саған дала гүлін мен.
Ля-ля,ля, ля-ля,ля, ля-ля,ля,ляяяя...
(Бір-біріне ренжіскен ата мен әже залға кіреді)
Әже: -Осы сенің табысты жұмыс істейтің күнің болады ма?
Ата: -Мені ұрыспашы, бүгін сенің мейрамың ғой.
Әже: -иә, менің мейрамым жыл сайын осылай өтеді! деп- әже кір жүғышты тақылдатып, кір жуа бастайды.
Әже-Көп сөзді доғар да, көлге барып балық аулап әкел, үйде тамақ жоқ.
Ата -Айтқаның болсын кемпір.
Жүргізуші. Балалар, біз сендермен ертегілер еліне еніп кеттік-ау деймін? Олай болса ертегіні тамашалайық.
Ата көлге барып, ауды үш рет лақтырып балық ұстай алмай, көңілсіз болып қалады. Төртінші рет лақтырған кезде, алтын балық түседі.
Алтын балық: -Ата, мені жіберші, мен сенің бар тілегінді орындаймын.
Ата: -жарайды, мен сені жіберемін, сен өте әдемі балық екенсің.
Жүргізуші:Ата әженің қасына басын салбыратып келеді.
Әже: Не болды, тағы түк жоқ па?
Ата: иә,бірақ балық ұстаған едім, ол біз секілді сөйлеп, «мені жіберші, бар тілегіңді орындаймын»- деді.
Әже:Сен не дедің?
Ата: Ештеңе керек емес деп,жібере салдым.
Әже: Ақымақ, бар балығыңа айт, бүгін менің мейрамым, алдыма келсін!
Ата. Жарайды, айтқаның болсын.
Жүргізуші:(Ата көлге барып балықты шақырады).
Ата: - Алтын балық, алтын балық....
Алтын балық.-Не болды ата?
Ата: Кемпір сенің балалармен бірге би билеп берулеріңді сұрайды.
Алтын балық:- ата, мен сіздің тілегіңізді орындай алмаймын, егер балалар би билеуге келісетін болса мен қарсы емеспін.
Жүргізуші: балалар, бүгін мереке ғой, сондықтан да біз ата мен балыққа көмектесейік, әжелерге арнап би билеп беріп, әжелеріміз бен аналарымыздың тілектерін орындайық.Әже сіздің қандай қалауыңыз бар?
Әже: -Балалар көңілді би билеп берсін!
Би: «Көңілді балалар». (танец с парами «веселые ребята»)
Жүргізуші. Өте тамаша, әже сізге балалардың билері ұнады ма? Ал енді біздің балалартілектерінжолдайды.
Тақпақ:
Самира: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 27.44 Kb |
Количество скачиваний: | 26 |