Эссе "Мен қазақ тілінің мұғалімімін"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Азмаганбетова Фариза Азмаганбетовна
|
Мен қазақ тілі пәнінің мұғалімімін
«Жақсы ұстаз маған бәрінен қымбат, өйткені ол – мектептің жүрегі» деп Ыбырай атамыз айтқандай, өзінің бар уақытын шәкірттерді біліммен сусындатуға арнаған, жүрегімен ұстаздықты сезінген аяулы жандар аз емес.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз – ұлы тұлға,
ұлы есім дегім келеді. Жер бетіндегі адамдардың бәрі осы ұлы есімге қарыздар. Өйткені, ұстаз алдынан өтпейтін еш мамандық жоқ. Ұстаз алдынан бас имейтін адам жоқ. Ол - өмірдегі екінші ана! Мен осы керемет
мамандықтың иесімін!
Ұстаз болу, оқушыларыма жақсы тәрбие беру, менің бала кезімдегі арманым еді. Жаратушы Алла осы асқақ арманыма жеткізіп отыр.
Жақсы ұстаз шәкіртімен көзге көрінеді. Шәкіртсіз мұғалім ағашсыз орманмен тең. Орман өз ағаштарымен көрікті болса, ұстаз да өзінің жұмысының нәтижесін көрсететін шәкірттерімен көрікті. Әрбір ұстазда мақтан етер шәкірт болса, онда еңбегі зая кетпегені. Мен өз мамандығымды, шәкірттерімді жақсы көремін, сыйлаймын, құрметтеймін.
Қазіргі заман талабына сай мұғалімдер бір орында тұрмай үнемі ізденісте болып, өзі жаңа әдіс - тәсілдерді тауып, іс жүзіне асырып отыру керек. Сонда ғана оның еңбегі жемісті, нәтижелі болады.
Оқушыларды қазақ тіл сабағына деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін, тіл үйренуге ынтасын арттыру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып, инновациялық әдістермен жұмыс жүргізуіміз керек. Қазір жаңа технологиялардың түрі көп. Әсіресе, орыс сыныптарында қазақ тілі пәнін оқыту көп нәрсені талап етеді. Сондықтан, сабақ үрдісінде түрлі әдіс – тәсілдерді және сонымен қатар түрлі формаларды қолдануға тырысамын. Сол технологияларды сабақтарымда үнемі қолданып отырамын соның арқасында көздеген нәтижеме қол жеткізіп отырмын.
Менің әдістемелік тақырыбым «Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын молайта отырып, тілге деген қызығушылықтарын ояту».
Күнделікті сабаққа кірген кезде оқушыларымның жүздеріне мұқият қарап, олардың көңіл - күйлерін түсінуге аса мән беремін. Кейбір балалардың көңілдері көтеріңкі, жайдарлы болса, кейбіреулерінің сабаққа ешқандай құштарлығы болмайды. Сондай сәтте мен сабағымды психологиялық тренингтермен немесе жақсы көңіл көтеретін әнмен, өлеңмен бастаймын. Бұл әдіс бір жағынан оқушылардың көңілін көтереді, екінші жағынан сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттырады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 13.77 Kb |
Количество скачиваний: | 33 |