"Әдебиет- өнер әлемі" атты мақала
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Азмаганбетова Фариза Азмаганбетовна
|
Әдебиет- өнер әлемі
Ол шетінен бұл шетіне ұшып өткен қыранның қанаты талатын байтақ Қазақстанның жалпақ аумағын алып жатқан Сарыарқаның қақ ортасындағы жасыл арал –Көкшетаудың әсем табиғаты жайында, осынау қасиетті де сырлы жұмбаққа толы өлкеде арғы-бергі кезеңде өткен қазақ тарихында ойып орын алған алып тұлғалар туралы, осы топырақта туған таңғажайып аңыздар мен тарихи оқиғаларды тебірене тыңдап, ой толғамаған, өлең-жырларына арқау етпеген ақын-жазушылар, тарихшы-зерттеушілер кемде-кем десек, сірә да артық болмаған болар еді.
Аспандағы аққуға әнін қосқан Көкшетаудың әйгілі әнші-ақындары- Ақан, Біржан, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ жайлы тамаша поэтикалық тілмен кесек те көркем бейнелер жасайды. Бұл әрине, бекер емес. Себебі, қасиетті Көкше топырағы қазақ халқының рухани әлемінде әрқашан өзінің сүбелі үлесімен дараланып келген және қазір де сол дәстүрдің жалғастығын тауып келе жатуында болса керек.
Көкшедей көрікті мекенде ғұмыр сүрген жоғарыда аталынған ұлы тұлғалармен есімдері қатар аталынатын, қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар Орынбай, Арыстанбай, Шал ақын, Шөже, кешегі Жақан Сыздықов, Жұмағали Саин, Нұрмияш Көбенов, Көкен Шәкеев, Еркеш Ибраһим сынды жыр дүлдүлдерін тудырған қасиетті Көкше топырағындағы бүгінгі аға буын ақындарымыз Кәкімбек Салықов, Аманжол Қорғанбек, Төлеген Қажыбайлардың өнегелі жолын жалғастырып, өзінің тума таланты, дарынымен дараланған, бүгіндері жас ақындар үшін ағалық дәрежеге жеткен Алмас Темірбай шығармашылығы туралы кейінгі жылдары аз айтылып, жазылып жүрген жоқ.
Әдебиет –кәсіп емес, өнер деп ұлы қаламгер Ғабит Мүсірепов айтқанындай, Алмас ақын шығармашылығын оқып, қарастыру барысында, аталған ойың Алмас ақын шығармашылығына да толығымен қатысы бары анық байқалады.
Ақындық, яғни қиыннан қиыстырып өлең тудыру –әрбір адамның басына қона бермейтін бақ дегенімізбен, ақындық өнер мен оны қастерлеп, қадірлеп, адалдықпен алып жүру одан да ауыр болса керек. Қазақ екі ауыз өлеңнің басын құрайтын адамды «өлеңші» десе, тереңнен шымырлатып, нағыз сөз сарасын ғана толғайтын киелі өнер иесін ақын деп ежелден құрметтеген. Өлең жазудың машақаты мен қызығы туралы көптеген ақындардың шығармашылығынан кездестіре аламыз. Өлең жазудағы өзіндік биік мақсаты жайында АлмасТемірбай ақын былайша толғанады:
Жазамын өлең, жазамын, жазамын өлең,
Ақыл-сезімнің алысып, азабыменен.
Сырласам дағы Хаямның рубайыменен,
Мұңдасам дағы Хафиздің ғазалыменен.
Көз жасы болып төгілем еркенің кейде,
Шекесінен де шер-мұңның шертемін кйде,
Қырық бір тасын сөйлетіп, құмалақ күннің,
Еппен айтам елімнің ертеңін кейде.
Таласа жүріп тағдырдың тажалыменен,
Тірліктің түрлі тіл жетпес ғажабын көрем.
Іші тар жандар сырымды іштей ұғынып,
Мақтауды қажет етпейтін жазамын өлең!
Жазамын..
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.7 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |