Анализ работы одаренных детей
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Досжанова Аягуз Жаксыбаевна
|
2013-2014 оқу жылы бойынша
үлгерімі төменоқушылармен жұмысқа
анықтама
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досжанова А.Ж.
2013-2014 оқу жылында өзім сабақ беретін 3, 6-сыныптардағы үлгерімі төмен оқушылармен қосымша жұмыстар жүргіздім. Олар: Т. Сагингалиев, К. Чаплинцев, С. Рабаев
3-сынып оқушысы Сагингалиев Тлеғали ауызша сабаққа, ереже айтуға, ауызша талдау жұмысын жүргізуге, септеуге, жіктеуге өте жақсы. Ал енді осы білімін қағаз бетіне түсіру кезінде көптеген кемшіліктер жібереді. Оның жазу дағдысы қалыптаспаған. Әріп тастайды, әріптерді түсініксіз жазады, көп түзейді. Онымен жыл бойына қызықты тапсырмалар және жаттығу жұмыстарын жүргіздім. Көбірек жазуға көңіл бөлдік. Алдағы оқу жылында да бұл жұмыстарды жалғастыруды тоқтатпау керек деп есептеймін.
6-сынып оқушылары Костя Чаплинцев пен Султан Рабаевтің сауаттылығы және оқу жылдамдығы төмен. Сауаттылықты арттыру мақсатында есте сақтау диктанттарын, орфография мен орфоэпия заңдылықтарына сәйкес жаттығулар жасалды. Жыл басында диктанттардан үнемі «2» деген баға алса, жыл соңында қосымша жұмыстың нәтижесінде оқушылар «3» деген бағаға толық жаза алатын болды. Алдағы уақыттарды осындай жұмыстар өз жалғасын тауып, жақсы нәтиже береді деп сенемін.
2013-2014 оқу жылы бойынша
дарындыоқушылармен жұмысқа
анықтама
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досжанова А.Ж.
2013-2014 оқу жылында өзім сабақ беретін 3, 6-сыныптардағы дарынды оқушылармен қосымша жұмыстар жүргіздім. Олар: Д. Амантаева, Р. Бусалаев, Н. Цюпко
3-сынып оқушылары Дильназ Амантаева және Руслан Бусалаев сабақта өте белсенді, сыныптағы жұмысты да, үй жұмысын да бұлжытпай орындайды. Сабақта әр уақытта қосымша тапсырмалар орындағанды жақсы көреді. Деңгейлерін жоғары тапсырмалар берілсе де, өз деңгейінде орындап береді.
Бусалаев Руслан өзге ұлт оқушылары арасында өтетін «Абай оқулары» сайысына дайындық үстінде.4-сыныпқа барғанда осы сайыстың жүлдегері болатытына сенімдімін.
7-сынып оқушысы Нина Цюпко өзге ұлтты оқушы болса да қазақ тіліне деген құрметі, ынтасы, жігері өте жоғары оқушы. Сабақта тек қазақ тілінде сөйлеуге тырысады. Диктант, мазмұндама, шығармаларды тек бестік бағаға жазады. Фонетикалық, лексикалық, синтаксистік, морфологиялық талдаулар оған еш қиындық туғызбайды. Алдағы уақытта мектепішілік, аудандық олимпиадаларға дайындап , жүлделі орындардан көремін деп үміттенетін оқушым.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 15.01 Kb |
Количество скачиваний: | 16 |