Анамның тілі-аяулы үні

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Видеоуроки
Автор:

Сабақтың мақсаты: Сабақта балаларды мейірімділікке , аналарды өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Слайд, мақалдар, ананың суреті, шарлармен безендіру
Жоспар: І. Өлең , тақпақ, әндер айту.
ІІ. «Мың бір мақал» мақал жарысы
ІІІ.Жұмбақ шешу
ІV. Ойын «Жанұя» Көрніс «Үш ана»
V. Көрніс «Үш ана»
Жүрісі:
- Қымбатты аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз ең қымбат , ең асыл, ең жақын адам , асыл анамыз туралы ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз! Олай болса осы аналарға арнап «Ана біздің күніміз» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз!
1-оқушы: Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.
Бізге қарап елжіреп, ...
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.
Анамызға еркелеп,
Қуантуды қалаймыз.
Өссек егер ертерек

2-оқушы: Ана! Неткен асыл тұлғасың!
Қиын кезде мұңдасым,
Қуанышты сәттерде
Өзіңсің тағы жырласым.
3-оқушы: Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,
Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.
Би: «Қамажай» Орындайтын: Айкөркем, Нүрия.
4оқушы: Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.
Анамызға еркелеп,
Қуантуды қалаймыз.
Өссек егер ертерек
Сый берер ек талай біз.
5-оқушы: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
6-оқушы: Артқан соң бала сенім,
Дертімнің дауасы едің,
Биік қой бұл өмірде,
Қадірің ана сенің.
Өмірге қадам мығым
Анашым – панам, күнім.
Баланың бақыты мен
Ойлаған амандығын.

7-оқушы:Болған соң ұлтқа тірек,
Анада құт-қасиет.
Білемін ананы мен
Әлемнің тұтқасы деп.
Сен үшін атқан таң ақ,
Тек жалғыз хаққа аманат.
Ананы сүю керек
Мәңгілік баққа балап!

8-оқушы! Жүрегіңнің жылуын шашқанда ана,
Оранады шуаққа аспан-дала.
Қасиетін ананың түсінеді,
Адамшылық жолымен басқан ғана.
Ойлап кетсем отырып анашымды,
Бұтақ жайған бәйтерек пана сынды.
Жинаған соң бойыма бар асылды,
Өтіп жатыр өмірім жарасымды.

Ән: «Анаға сәлем!» Орындайтын : Айбар, Нүрия

9-оқушы: Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам - кешірген,
Тілін алсам – айналған, күнәм болса - өшірген,
Ақ анашым, анашым, саған тәнті бала шын!
Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем – жылапсың,
Шыңға шықсам – қуанып, мен құласам – құлапсың,
Ақ анашым, анашым, сендей бар ма жанашыр?

10-оқушы: Әлпештеген, аялап асыраған,
Аяулы ана, ақ ниет асыл адам.
Ұрпақ үшін тірлікке нұрын төккен,
Қиын-қыстау күнде де жасымаған.
Сыздағасыз,
Сан рет мұздағасыз,
Шәкіртке де,
Бізге де ізгі анасыз.

11-оқушы: Сіз жасаған қызметті
Күн мен Жұлдыз, Ай көрген
Анаңдай азиз мейірбан
Табылар саған қай жерден?
Ыңылдап даусың шыққанда
Көзінен ұйқы ашылған
Мейіріңді суға қандырған
Мейірбан бар ма осыдан?!
Көзінен ұйқы тараған
Қабағыңа қараған
Анаңдай қамқор бар ма екен!

Ән: Анашым. Орындайтын:Азат, Еркінбек
«Жанұя» ойыны. Ойынның мақсаты ата – ана баласын қаншалықты білетінін байқау. (доп беру арқылы Ата-ана жауап береді).
Қызықты сұрақтар:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың парталас көршісі кім?
6. Бүгін сабақта қандай баға алды?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыз сыныпқа қай жылы барды?
9. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
10. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
Хор: «Ана туралы жыр»

«Мың бір мақал» бөлімі: Екі ана ортаға шығады.
Слайттан суреттер көрсетіледі, сол суреттерді байланыстыра отырып, жасырынып тұрған мақалды табу.
1. Ананың сүті бал
Баланың тілі бал.
2,.Ананың көңілі балады,
Баланың көңілі далада.
3. Әке –асқар тау,
Ана- бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ. Т.б.

Жұмбақ шешу:
1.Екі жағында «Н» болса,
Қасиетті тағам.
Екі жағым «А» болса,
Ең қадірлі адаммын. /нан, ана/
2. Апам үшін қам жеген,
Тозаң жұтып, шаң жеген,
Жатып үйде айдаһар,
Ондай мешкей қайда бар? Шаңсорғыш
3. Даладай кімнің пейілі?
Даладай кімнің мол мейрімі? Ана
4. Отынсыз, сусыз піскен ас,
Адамның бәрі піскен ас. Ана сүті
Би: Орындайтын Шынар

Көрніс: «Үш ана»
Жүргізуші-Жансая
Қызы- Нүрия
Анасы- Индира
Әжесі- Шынар
Көрністен түйген ойларын оқушылар талдау.
- Дүниедегі құдіреттің бәрі ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Мен бүгінгі тәрбие сағатымды мына өлең жолымен қортындылаймын:
Ана керек,о,адамдар,ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы...
Ана жайлы өлеңді де, әнді де айтып тауысу мүмкін емес. Бізге белгілісі отбасының басты дәнекері ата-ана. Алтын қазынамыз ата-анамызды құрметтеп, қадірін түсіне білейік. Себебі ата-ана өмірде жалғыз! Бүгінгі тәрбие сағатымызға алтындай уақыттырыңызды бөліп келгенлеріңізге көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 600.65 Kb
Количество скачиваний: 38
Просмотров: 165

Похожие материалы