Ақпараттық технология "Тілші және компьютер"
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Карибасова Гулжанар Нургазиновна
|
Бұл сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында күнделіткті информатика сабағын ғажайып журналистика әлемімен байланыстырдым.Сабақ барысында оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеткізіп, өз ойларын еркін жеткізуге және сауатты мақалаларды жазуға дағдыландырдым. Ең бірінші журналисттің жақсы қасиетінің бірі деп нені санайсыз? Әрине, ол сауаттылық. Мақаласын сауатты жазып, Word мәтіндік редакторының барлық мүмкіндіктерін дұрыс қолдана алған журналист ғана үлкен жетістікке жетеді, себебі кез келген редакция мақаланың сауатты көркемділігіне қарайды. Сонымен қатар қазіргі таңда «электрондық журналист» деген сөзді біреу естіген болса, енді біреу мүлдем естімеген болар. Көпшілік жұрт бұл мамандықты көбінесе компьютермен немесе теледидармен байланыстырады. Қазақстанда өкінішке орай, әзірге электрондық журналистер мыналар деп көрсететін мамандар аз. Тіпті, электрондық журналист мамандығын меңгеріп, елдің назарына ілігіп, осы мамандыққа қызығушылықты оятып жатқан мамандар жоқтың қасы. Бұл оларды жоғары деңгейдегі сапалы біліммен дайындайтын оқу орнының Қазақстанда кешеңдеу ашылғандығынан да болар.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 23.14 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |