"Ғарыш әлемі" сыныптан тыс іс-шара (7-11 сыныптарға арналған)
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Нуртазина Кенжегул Жексеновна
|
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін пысықтау мақсатында «Ғарыш күні» атты викторина өткіздім. Викторина оқушыларды ұйымшылдыққа, ғарыш туралы қызықты мәліметтерді білуге және есте сақтауға, тыңдай білуге тәрбиелеу бағытында өтті. Төменде осы викторинаның жоспарын беріп отырмын.
Тақырыбы: «Ғарыш күні» викторина
Мақсаты: Оқушыларда астрономия, ғарыш, аспан денелері туралы түсінік қалыптастыру; аспан кеңістігін зерттеген ғарышкерлерді білуге, олардың ерліктерін ұмытпауға, Отанын сүюге, қорғауға баулу.
Барысы:
Мұғалім: Бүгінгі викторина атақты күнге – Ғарыш күніне арналған. Бұл мерекені біз адамның бірінші рет ғарышқа ұшқан күні тойлайтынымыз ешкімге құпия емес. Бүгін біз сендермен көп қызықты мәліметтерді білетін боламыз.
Викторина үш кезеңнен тұрады:
І кезең: «Иә немесе жоқ»
ІІ кезең: «Үшеуден біреуін таңда»
ІІІ кезең: «Кім? Не? Қалай? Қанша?»
Викторинаға үш топ қатысады. Әр кезеңде анықталған бал санын жинауға болады, ойынның соңында біз қорытынды жасап, жеңімпаздарымызды анықтаймыз.
Тип материала: | Архив RAR (rar) |
---|---|
Размер: | 1.36 Mb |
Количество скачиваний: | 3 |