Ашық сабақ "Селекция негіздері" (9-сынып)

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Селекция негіздері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға селекция негіздері туралы түсінік беру, селекция маңыздылығын айқындау.

Жұмыс нәтижесі:Селекцияның заңдылықтарын және мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын тани білуі. Сындарлы ойлау дағдыларының артуы және пәдік мүмкіншіліктерінің кеңеюі.

Негізгі идеясы: Селекция, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары туралы білім көзінің қалыптасуы.

Қолданылған әдістері мен тәсілдері:

Сұрақ қою, әңгімелесу; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау: «екі жұлдыз, бір тілек», қол шапалақтау; АКТ-ны қолдану: таныстырылым жасау. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс.

Ресурстар: компьютер, интерактивті тақта, флипчарт қағаздары, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар.

Сабақтың өтілетін уақыты: 45 минут.

Сабақ жоспары:

І Ұйымдастыру: 1.Сәлемдесу. 2 .Топқа бөлу.

Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

Рефлексия.

Үйге тапсырма: 1. Тақырыпты оқу. 2. Қазақстан сұрыптаушыларының жетістіктері туралы баяндама жасау.

Блум таксономиясы бойынша сабақ барысы:

І Білу кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Эссе «Туыстық некенің жағымсыздығы».

2. «Иә» және «жоқ» тестілеуі:

1.Мутациялық өзгерістердің қалыптасуына себеп болатын қоршаған ортаның жағдайлары мутагендік факторлар деп аталады.

2. Физикалық мутагендік факторларға түрлі қышқылдар, спирттер, никотинді жатқызуға болады.

3. Тұқым қуаламайтын өзгергіштікті модификациялық өзгергіштік деп атайды.

4. Тұқым қуалайтын өзгергіштікті генотиптік өзгергіштікті деп атайды.

 

5. Генетиканың негізін қалаған Т. Морган.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.8 Kb
Количество скачиваний: 84
Просмотров: 275

Похожие материалы