Ашық сабақ Тіл дамыту И.Токмакованың "Аю " өлеңі

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Білім саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: И.Токмакованың «Аю» өлеңі

Мақсаты: Шағын өлеңді жатқа айтуға үйрету. Тілдік қорын дамыту. Аңдарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Есте сақтау қабілетін дамыту.Танымдық қызығушылығын арттыру.

Көрнекілік: Слайд. Дидактикалық материалдар топтамасы. Аю суреті.

Ұйымдастыру бөлімі:

Шаттық шеңбері:

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп таңысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

Кәне балалар орнымызға жеткенше "Паровоз" әнін айтып барайық.

Ал паровоз баста алға,

Бәрімізді басқар да,

Пш-пш, пш-пш біз кеттік ,

Жүрісті біз үдеттік

Гу-гу, гу-гуілде,

Қалып қойма бәрінде .

Пш- пш, пш-пш біз кеттік,

Жүрісті біз үдеттік. /балалар ,қатар-қатар бірінің артымен жүріп орындарына отырады./

Өткен сабаққа шолу.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің ауа-райы қандай болады?

-Қыс несімен ерекшеленеді, қандай қызықты ойындар ойнайсындар?

-Қардың түсі қандай ?

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар.

Жұмбақ шешу:

1.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. /қар/

2.Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. / аю /

-Аю қандай аң?

-Аю қазір қайда тұрады?

Жаңа сабақ: Ирина Токмакованың «Аю» өлеңі

Балалар сендерге және сендер сияқты балаларға арнап көптеген жазған өлеңдері бар.

Өмірбаянын баяндау.

Орыс халқының қызы , Ири́на Петро́вна Токмако́ва туған жылы Мәскеуде 3 мартта, 1929 жылы дүниеге келген. Балалар ақыны ,жазушы, аудармашы. Ресейдің мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Бала кезінен өлең жаза бастаған, әдеби кітаптарды көп оқыған. 1953 жылы МГу филология факультетін бітірген. Ақынның балаларға арналған бірнеше өлеңдері мен ертегі кітаптары бар.

Ирина Токмакованың сендерге «Аю» өлеңнің оқып берейін.

Тау басын да, қалың қар,

Сай бойын да, қалың қар,

Шырша үсті қалың қар,

Жерді бассан қалың қар.

Байқандар қар астында,

Ұйықтап жатқан аю бар. Балалар өлеңді менімен бірге қайталайық.

Өлең туралы әңгімелеу.

Балалар аю туралы кім тақпақ біледі?

Сергіту сәті:

Ішік пима қолғап бар,

Арада жоқ тоңғақтар.

Баста қалың малақай,

Біз тоңбаймыз, алақай!

Қонжық деп аюдың баласын айтамыз.

Слайд бойынша: қоңыр, ақ аю, қара аю, ұқсас панда аю туралы әңгімелеу, түсінік беру.

Дидактикалық ойын: «Сыңарын тап» сурет бойынша ұқсасын тауып алу.

Қорытынды:

-Қандай аң туралы өлең оқыдым ?

-Тау үстінде не жатыр?

-Шырша үстінде не жатыр?

-Аюдың қанша түрі бар?

-Аю немен қоректенеді?

-Аю қыста неге ұйқыға кетеді?

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

«Аю» өлеңін жаттап келіңдер.

Мадақтау .

Бағалау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 31.58 Kb
Количество скачиваний: 29
Просмотров: 200

Похожие материалы