Здесь была ссылка на работу Ашық сабақ «Тың және тыңайған жерлерді игеру» автора Карабаева Айсулу Хажимахаматовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақ мақсаты:1.Н.С.Хрущевтің аграрлық саясаттағы жаңа бағыты, тың және тыңайған жерлерді игеру жайында түсінік қалыптастыру. 2.Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін және танымдық көзқарасын дамыту, тарихи оқиғалардың тиімді және тиімсіз жақтарын анықтауды үйренуге баулу. 3.Туған ел тарихын терең меңгере отырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты бейнесюжет,постерлер,маркерлер және т. б. Сабақ түрі: Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,ойшақыру,топтық жұмыс,презентация . Сабақ барысы: 1. Ұымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару. 2.Үй тапсырмасын сұрау. 1940-1950жылдардағы ұлттық зиялы қауымға қарсы қуғын-сүргін. Интерактивті тақтада төмендегідей сұрақтар шығады: 1.Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары қайсы ғылымдар партия комитеттерінің ерекше бақылауында болды? 2.1946 жылғы 14 тамыз –БК(б)Орталық Комитетінің «Звезда»,«Ленинград» журналдары туралы Қаулы шыққан соң қандай науқан басталды? 3.«Тарихты, әдебиетті, өнерді зерттеуде орын алған саяси қателіктер мен ұлтшылдық бұрмалаушылықтарға қарсы күрестң өрестету туралы» Қаулы қашан қабылданды? 4.Аталған Қаулылар қабылданғаннан кейін Қазақстанда кімнің ісі ұйымдастырылды? 5.Е.Бекмахановтың 1947 жылы жарыққа шыққан—«XIXғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты монографиясында не туралы баяндалған? 6.Е.Бекмаханов неше жылға бас бостандығынан айырылды? 7.Қашан және кімнің көмегімен ақталды? 8.Қазақ зиялылары қатарынан «ұлтшылдар» мен «байшылдарды» іздеу науқаны басталып, кімдер Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болды? 9.Көзқарастары ғылымға жат деген айып тағылған ғалым кім? 10.Биология, медицина, геология саласындағы ғалымдарға қандай айып тағылды? Оқушылар сұрақтардың жауаптарын дәптерге жазып отырады. Жауаптарды жазып болған соң, тақтаға дұрыс жауаптар шығады. Жауаптар: 1.Қоғамдық ғылымдар. 2.«Басқаша ойлайтын» адамдарды қудалаудың жаңа науқаны басталды. 3.1947жылғы наурыз. 4.«Бекмаханов ісі» 5.К.Қасымұлы басшылығымен болған көтеріліс. 6.25 жылға 7.1954 жылы академик, қоғам қайраткері А. Панкратованың көмегімен 8.Қ.Сәтбаев,Ю.Домбровский. 9.Ә.Марғұлан. 10.Космополит. Оқушылар өзін-өзі тексереді. Әр оқушы қанша сұраққа дұрыс жауап бергенін мұғалімге айтады. 2.Жаңа сабақ. Н.С.Хрущевтің аграрлық саясаттағы «жаңа бағыты» . «Тың эпопеясы». Мұғалім тақырып бойынша қысқаша баяндайды: 1953 жылғы қыркүйек---КОКП ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. 1954 жылы көктемде--- тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды. 1954 жылғы қаңтар-наурыз—КОКП ОК Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеретін аудандар: Қостанай,Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстары.(Картадан аталған аймақтарды көрсету) Оқушыларды түрлі-түсті жұлдызшалар арқылы үш топқа топтастыру. Тапсырмалар: №1.Бірінші топқа тақырып бойынша негізгі ақпаратты жинақтауды; Екінші топқа тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды жақтары туралы мәлімет беруді, Үшінші топқа тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымсыз жақтары туралы мәлімет беруді тапсыру. Әр топқа А-4 қағаздары беріледі.Оқушылар өз ойларын жинақтап қағазға түсіреді. Белгіленген уақыттан соң, топ спикері мәліметтерді сыныпқа жеткізеді. Үш спикер де жазған мәліметтерін тақтадағы постерге жабыстырып қояды. Негізгі ақпарат Жағымды құбылыстар Жағымсыз құбылыстар №2.Топтарға постерлер,түрлі-түсті қағаздар, маркерлер және клей беріледі.Осы құралдарды пайдалана отырып,оқушылар өздерінің тапсырмалары бойынша ойларын қағазға түсіреді. Белгіленген уақыттан кейін топ спикері постерді презентация жасайды.(топ спикері ауысып отырады) №3.Тақтаға тақырыпта кездесетін сандық мәліметтер жазылады. Оқушылар оқулықтан сол сандарға қатысты ақпаратты тауып атайды. 20 млрд. 13,4 млн. 6,5 млн. 500-1000 10 25 млн. 2 млн. 6 35% 29% 85% 40% №4.Үш топ жалпы тақырып бойынша 3 сұрақ қояды.Берілген жауаптарды топ эксперті бағалайды. Инсерт әдісі.Білемін. Білдім. Білгім келеді.Оқушыларға жасыл, сары, қызыл түсті стикерлер беріледі. Стикерлерге өз ойларын жазып қояды. Мұғалім сабақты қорытындылайды. IV.Бекіту. V.Оқушыларды бағалау. VI.Үй тапсырмасы: Тың және тыңайған жерлерді игеру тақырыбы бойынша түсінік айту, тест тапсырмаларын дайындау.