Ашық сабақтың тақырыбы: ЖҚТҚ (СПИД) – ғасыр дерті

Предмет: Биология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: ЖҚТҚ (СПИД) – ғасыр дерті.

 

Мақсаты:Ата-аналар мен  оқушылардың нашақорлық жөніндегі түсінігін   тереңдету.ЖҚТҚ -  ауруына түсінік беру.Тәуелділікке қарсы ұстанымдарын  қалыптастыру.

 

Сабақ түрі: пікірталас

 

Сабақ барысы:

 

Жаттығу: Пікірталасқа қатысушы ата-аналар өздерін таныстырады.

 

Ой шабуылы:  Алкоголь дегеніміз не?

 

                          Нашақорлық деген не?

 

                          ЖҚТҚ- деген не ?

 

 Мұғалім сөзі:

 

ЖҚТҚ –жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері .Оны жұқтырған адам  қорғаныш жүйесін зақымдайды ,  біртіндеп оның басқа жұқпалы  аурудан қорғану қабілетін  әлсіретеді. АҚТҚ- адамның қорғаныс тапшылық қоздырғышы.Әркім АҚТҚ – жұқтырып алуы мүмкін . Медициналық құралдарды дұрсы өңделмеген жағдайда  да жұғу қаупі жоғары. Бұлардың бәрі ауруды жұқтыру қаупін жоғарлатады.Адам АҚТҚ – жұқтырғанын қалай біледі.Осы ауруды  жұқтырған адамдардың  сыртқы белгілеріне қарай  басқа адамдардан айырмашылығы жоқ. АҚТҚ – жұқтырғанын арнайы тексеруден , лабораторияда ғана анықтайды.Бірақ қоздырғышты адам ағзасында  бар екенін вирустар емес , оған қарсы түзілген антиденелер арқылы анықтауға болады.АҚТҚ – жұқтырған адамдар бастапқы кезде  жұмысқа қабілеттілігі  сақталған күйде болады. Біраз уақыт өткенінен кейін олар жиі ауыра бастайды.Ұзақ уақыт дене қалтырап , іші өтіп , лимфа түйіндері үлкейіп , теріс көмекейі , өкпесі қабынады.Емдегенге дейін де бұл ауру қайта басталады.Одан кейін ЖҚТҚ – дамиды. Бұл кезде өлімнен бас тарту мүмкін емес.

 

1-бөлім. Ата- аналарға арналған сұрақтар

 

1.Балаңыз өзінің ортасы , достары жайлы айта ма?

 

2.Балаларға есірткі  жайлы  айтуға бола ма?

 

3.Есірткі қолданудың сыртқы көріністерін білесіздер ме?

 

4.ЖҚТҚ – ауруы жайлы не білесіздер?

 

5.Ғасыр індеті дегенді қалай түсінесіздер?

 

6.ЖҚТҚ – қалай жұғады?

 

Мұғалім сөзі:

 

Соңғы жылдары дүние жүзінде , сонымен қатар Қазақстанда  да әртүрлі есірткілік әртүрлі есірткілік  заттарды қолданатын адамдар күннен күнге артып      келеді. Нашақорлықтың қарқынды өсуінің бірден –бір себебі – есірткіні қолданғаннан  кейін адамның ағзасы мен психикасы тәуелді болуы.Соңғы бес жылда есірткіні қолдану 1000/0 өсті.Нашақордың есірткіні қолдана бастағаннан кейінгі өмірінің өзақтығы орта есеппен қарағанда 7 жыл.Биылғы жылдың өзінде жыл басынан АҚТҚЖҚТҚ ауруына шалдыққан  адамдар саны 30 пайызға өсті.

 

2- бөлім.Оқушылар көрінісі.

 

1-көрініс

 

2- оқушы шығады,бір оқушы орындықта темекі шегіп отырған адамды көрсетеді

 

Бұл отырған шылымқор    Сорады кеп шылымды ол

 

Қанша айтсаңда алмайды   Тартпа деген тіліңді ол

 

 

 

Қой десең де қоймайды  Көк түтінге тоймайды

 

Сора-сора уыты, өн бойынды жайлайды

 

Кірпік әсте қақпайды   Жөтел қысып  жатпайды

 

Бірақ шылым сорғанда   Аузы тыныш таппайды

 

Шылымсыз тек жүрмейді   Жоқ боп қалса тілдейді

 

Бірақ оның зиянын ,  білсе дағы білмейді.

 

2-көрініс

 

Арақ пен шылымның , салауаттылар айтысы.

 

  Темекі:

 

Уа, сылдыр сұйық арақ  Көрдің бе , сен осы

 

Адамзаттың бір қажетіне жарап    Не болмайсың жарап

 

Не болмайсың тамақ   Не жүрмейсің қарап

 

Ішке түсіп алып    Өкпе , бауырды күйдіресің

 

Әрі беріден соң    Жұдырықты түйдіресің

 

Айналаны қиратып  ,   бәрін бүлдіресің

 

Жақыныңды алыс қылып, ақшаны сорып

 

Семьяның шырқын бұзасың

 

Арақ:

 

Ой темекі қарағым, әрі арзан , әрі қоқыс

 

Сен бықсыған түтінсің, адамды көксау қылып

 

Өкпені қарайтасың, сонымен тұрмай, мынау ағаңа

 

Ақылды сен айтасың

 

Ал  мына мен мөлдір  тазамын

 

Тамаққа тәбетін ашып, басын жазамын

 

Тұмау тиіп түшкірсе, аяқ –қолды үсірсе

 

100 грамм тастап алады, содан соң , әнге салады

 

Сен досым көп сөкпе , болмасын бір-бірімізге өкпе

 

Одан да екеуміз ақылға келейік, біріміз көзін алартып

 

Біріміз өкпе өарайтып, адамзатты тақымдай берейік

 

Сауаттылар:1-оқушы

 

Есірткі жайлы шындық

 

Есірткі тартып сорлаған, өз тәнін сатып қорлаған

 

Тірлікте жолы болмаған, сиқырлы сөзді бойлаған

 

Уыты бойды жайлаған, өлімге сені сыйлаған

 

Келмеске мүлде айдаған , қаша алмай төнген сұмдықтан

 

Өзіне-өзі қол сұққан, айырар жан жоқ қорлықтан

 

Көкнәрге әбден құныққан, Шыңғырып айтып шындықты

 

Есірткі жайлы шындықты , ендігі сөз сендерге

 

 Кеселді мұндай кім ұқты

 

2-оқушы

 

Шылым жайлы шындық

 

Шылым шексең, шіриді өкпең

 

Денең уланып, аузың суланып

 

Бармағың сарғайып, жүзіңнен нәр тайып

 

Кетесің  қартайып

 

Сөздің қысқасы, әрі нұсқасы

 

Қыймасаң шыным , түбіңе жетер шылым

 

3-оқушы

 

Арақ жайлы шындық

 

Әуес болма араққа , даусы гүрілдеп

 

Сөйлейді дірілдеп

 

Иығы салбырап, қолдары қалтырап

 

Шаштары жалбырап, мұндайды көріп

 

Қашпайма ұйқың, құрысын көзден

 

Маскүнем сиқын

 

Құмар болмай араққа, аулақ жүрсең болмай ма

 

Көшеде жатып мас болған, адамды ҚҰДАЙ оңдай ма

 

Жуыма ащы араққа , жаныңда салар тозаққа

 

Жолама балам ондайға.

 

3-бөлім. Ата-аналарға  сұрақ- жауап жүргізу. Аңыз және  шындық

 

1.Анағұлым жиі қолданатын есірткі-марихуанна-А.

 

2.Егер ішіп алса , адамдардың көңілі көтеріледі-А.

 

3.Аяғы ауыр әйел ішімдік ішсе, есірткі қолданса , оның құрсағындағы баласына әсер етеді-Ш.

 

4.Қыста 1 рөмке спирт бойыңды жылытады-А.

 

5.ЖҚТҚ- қол алысу, құшақтасу кезінде жұқпайды-Ш.

 

6.ЖҚТҚ – ауырғандардан жазылғандар бар-А.

 

7.АҚТҚ – емдейтін дәрі табылған жоқ-Ш.

 

8. Әр минут сайын әлемде 10 адам АҚТҚ – ны жұқтырады-Ш.

 

9.ЖҚТҚ – қауіпті емес, жұқпалы емес-А.

 

10.ЖҚТҚ -  күрт өсуде-Ш.

 

 4-бөлім.Нашақорлық күнделігінен үзінділер.

 

5-бөлім.Топтық жұмыс.Ата-аналардың көзқарастарын анықтау.Тест ұсыну.

 

6-бөлім.Проблемалық жағдай туғызып , мәселені талдау.

 

«Сіздің балаңыздың досы  нашақор немесе ЖҚТҚ жұқтырған»

 

1-топ   9-сынып ата-аналары «Дос болуға тыйым салу керек» деген ұстанымды қорғайды.

 

2-топ 10-сынып ата-аналары  «Дос болуға тыйым салудың керегі жоқ, керісінше  жағдайды  қадағалай отырып ол баланың дерттен арылуына жағдай жасау»деген ұстанымды  қорғайды.

 

3-топ 11-сынып ата-аналары «Не өз балаңды , не нашақорды қамау , шектеу керек »

 

 деген ұстанымды қорғайды.Әр топ мәселені  10 минутта өздерінің  ескертулерімен ұсыныстарын айтады.

 

Талқылап, нақты шешім қабылдап болған соң ата-аналарға «Жасөспірімнің есірткі қабылдануына ЖҚТҚ неАҚТҚ дан сақ болуына қалай қарау керек»  жаднамасын әр ата-аналарға ұсыну.

 

Құрметті ата-аналар қатысқандарыңызға көп-көп рахмет

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 68.5 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 130

Похожие материалы