ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ – ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЗАМАН ТАЛАБЫ

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Бүгінде еліміздің білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі күннен-күнге артып келеді. Осы орайда әлемдік тәжірибеде қашықтықтан білім берудің орны ерекшеленіп тұр. АҚШ-та 1 миллионнан астам адам қашықтықтан оқыту арқылы білім алса, Францияның ұлттық қашықтықтан оқыту орталығы жыл сайын әлемнің 120 мемлекетінен 35 мыңнан астам қолданушыларды қамтамасыз етеді. Ал Түркияда алыс аймақтағы тұрғындарға мамандық алуға көмектесу мақсатында 1974 жылдан ашық университет жұмыс істейді екен. Қосымша сабақ ретіне теле-радио арқылы курстар өткізеді. Осылай 12 000-нан астам қолданушыларды игереді. Қазір дәстүрлі қашықтықтан оқыту, электронды қашықтықтан оқыту, аудиториялық сабаққа түрлі электронды құралдарды пайдалану сияқты қашықтықтан оқыту үлгісінің 2000-ға жуық түрі бар екен. Соның ішінде еліміздің жоғары оқу орындарында кейс, желілі және телевидение сынды ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының көмегімен қашықтықтан оқыту түрі таңдалған-ды. Бұл оқыту әдістемесінің мүмкіншіліктеріне тоқталар болсам, қазіргі таңдағы жағдайы төмен, жартылай кеміс, жетім және де мүмкіншілігі шектеулі жандар еліміздің түкпір – түкпірінде білімсіз болып қалып қояда. Бұған себеп өте көп. Мысалыға әлеуметтік жағдайы, денсаулығы және тағыда басқа көптеген мәселелер бастан асады. «Кез-келген Қазақстан азаматы орта білімді тегін алуға құқылы»,- деп Ата заңымызда айтылғандай, кез-келген кемтар балалар, төсекке таңылған мүмкіндігі шектеулі жандар болсын үйінде отырып-ақ, мұғалімдермен келісіп отырып, орта білім болсын, жоғары болсын дәріс ала алу мүмкіншілігіне ие болады. Осы мәселелердің тиімді де әрі оңай шешімі - қашықтықтан оқыту жүйесі деп ойлаймын. Бұл оқыту жүйесінің тағы да мүмкіншіліктері,яғни шетелдік тәжірибеге сүйенсек, қашықтықтан оқытудың тиімділігі – студенттің университетке бармай-ақ, өзіне ыңғайлы жерде отырып, берілген тапсырманы орындай беретіндігі, яғни уақыттың ұтымдылығы, екіншіден, оқу ақысының арзан болатындығы, шалғайдағы шетел жоғары оқу орнын елде жүріп-ақ оқып, диплом алу мүмкіндігінің болуы.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.59 Kb
Количество скачиваний: 27
Просмотров: 140

Похожие материалы