Аталар мұрасы – халық қазынасы.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы:  Аталар мұрасы – халық қазынасы. Мақсаты:     а. Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру; ә. Тәрбиелілігі: Сол сөздерден өнеге алуға баулу. б. Дамытушылығы: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету. Жоспар: Аталар сөзі – ақылдың көзі. Ата өсиеті. Баталы құл – арымас. Жарасып тұрдәстүрім. 1 – жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» демекші, армысыздар ағайын! 2 – жүргізуші: Қадірменді көпшілік. Бүгінгі «Аталар мұрасы – халық қазынасы» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер! 1 – жүргізуші:  Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп. 2 – жүргізуші: Ендеше, күнделікті өмірде ата - әжелеріміздің, ата – аналарымыздың айтып отыратын, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» бөліміне сөз кезегін берейік.   Жігіт: Ата! Қол бастау қиын ба,         Жол бастау қиын ба,         Сөз бастау қиын ба? Қарт:Е, балам! Қол бастау қиын емес, Көк найзалы ерің болса, Жол бастау қиын емес, Соныңнан ерген елің болса, Бәрінен де сөз бастау қиын. Тауып айтсаң, мереке қылады. Таппай айтсаң, келеке қылады.       Жігіт:Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.       Қарт: Е,балам!       Таза мінсіз асыл сөз,       Ой түбінде жатады.       Таза мінсіз асыл тас,       Су түбінде жатады.       Су түбінде жатқан тас,       Жел толқытса шығады.       Ой түбінде жатқан сөз,       Шер толқытса шығады.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.6 Kb
Количество скачиваний: 31
Просмотров: 203

Похожие материалы