Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы.

Предмет: География
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырып: Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы.

Сабақ мақсаты: Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы туралы білім беру.

Міндеттері : -Танымдық сипаттағы тапсырмалар арқылы ой – өрісін арттыру,

- Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы туралы ойларын кеңейтіп, тұжырымдауға жетелеу;

- Ғылыми жаңалықтарға қызығушылықтарын ояту;

- Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы тақырыбы бойынша жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушыларды

диалогқа түсуге, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.

Сынып : 6

Мерзімі:

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: «Көрінбейтін сыйқыршы», «Көршіңе әңгімелеп бер», «Ыстық орындық», «Сәйкестендіру», «ВЕНН диараммасы», «Географиялық диктант »

Оқыту формасы: жеке, жұппен, топпен.

Көрнекілігі : компьютер, фотоппарат, видео, А-3 , тақырыпқа сай суреттер,маркелер, өшіргіш, қарындаш,

Сілтеме : 6 сынып Физикалық география .

Күтілетін нәтиже : - Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы туралы біледі.

Ойлау деңгейі

Мұғалімнің

іс –әрекеті

Оқушының

іс – әрекеті

Білу

Жаңа тақырыпқа шығу үшін шағын әңгіме оқылды Қызығушылықты ояту.
«Көрінбейтін сиқыршы »
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің. оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.
Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
Ауа туралы не білесіңдер?
Ол туралы не білгілерің келеді?
Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз. Ауа - физикалық дене. Физикалық дене - заттардан тұрады. Ауа - газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де және иісі болмайды. Ол газдардың ішінде оттегі мен көмірқышқыл газы сендерге таныс. Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарып отырады.
1. Сытырлақ дорбаны үрлеп, ауа толтырамыз. Аузың қолымызбен бекітеміз.
- Тез қысыла ма?
Сонда ауа деген газ, дәлірек газдардың қоспасы. 2 ғасыр бұрын ғана ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратынын дәлелдеген. Ауа қоспасындағы ең көп газ – яғни 78 ℅, оттегі - 21℅,
1 ℅ - көмірқышқыл газы. Дәптерлеріңді көтеріңдер, ар жағындағыны көресіңдер ме?
- Жоқ.
Жардың ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?
- Ал сыныптағы заттарды көре аламыз ба?
- Иә.
- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?
- Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көзге көре алатынымыз дәлел. Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз. Ауа серпімді, сығылады. Допты алайық. Оны қолыммен қысамыз. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Қолымызды жіберсем, серпіліп қайта орнына келеді. Серпіліп тұрған - ауа.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 194.47 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 121

Похожие материалы