Атом құрлысы.Элементар электр заряды. 8 класс

Предмет: Физика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Атырау облысы Құрманғазы ауданы

Имашев атындағы орта мектебі.

Математика және физика пәні мұғалімі. Харисова Рауила

Физика 8 сынып

Тақырыбы : Атом құрлысы.Элементар электр заряды.

Білімділік: Атомның эсперимент жүзінде анықталған ядро моделін оқып -үйрену, микроәлем дүниесін түсінуе жағдай жасау.

Дамытушылық:Оқушылардын қалыптан тыс ойлауына жағдай жасау,әлем сырына үңілуге баулу, алған білімдерін пәнаралық байланыста меңгерту.

Тәрбиелік:Қажырлы еңбек түбі зейнет екенін ұғындыра отырып,ерікті түрде білім алуға ықпал ету,өзара түсіністікті арттыру.

Типі:Аралас сабақ

Түрі:Проблемалық , практикалық, ізденушілік

Әдісі:Түсіндірмелі -иллюстративтік,эвристикалық,репродуктивтік

Технологиясы:Дамыта оқыту

Пәнаралық байланыс:Химия, астрономия

Көрнекілігі: Атомның ядролық моделі.(схема). Дезодорант,су,менделев периодттық кестесі,Түп негізі 109 Пайдаланған әдебиеттер: «Зерде» ғылыми көпшілік журналы. В.И.Лукашик. «Физика есептері мен сұрақтар жинағы». Физика пәнін оқыту әдістемесі

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау Сұрақ жауап

1.Физика пәнінен фронталды сұрақтар

1. Атомның планетарлық моделін кім жасаған? (Резерфорд) 2. Зат неден тұрады? (молекула, атом, протон, нейтрон, электрон) 3. Атом дегеніміз не? (Бөлінбейтін бөлшек) 4. Атом заряды қандай? (бейтарап)

5. Ядроны құрайтын бөлшек туралы не білесің? (протон-оң, нейтрон- нейтрал) 6. Заттың агрегаттық күйлерінің ерекшеліктерін ата. 7. Өмірден мысалдар келтіру. 8. Кодоскоптан көрсетілген элементтерді протондары, нейтрондары және электрондары бойынша анықтау.

2) Химия пәнінен фронталды сұрақтар:

1. Химиялық элемент дегеніміз не? (анықтама) 2. Химиялық элементтердің протондарының санын қалай білеміз? (реттік номері) 3. Протон саны белгілі химиялық элементтің нейтрон саны қалай анықталады? (N=A-Z) 4. Мысал келтір. (Мg) 5. Атомдардағы электрондардың энергия қоры қалай аталады? (квант саны)

6. Элементтің химиялық қасиеті неге тәуелді? (ядросына) 7. Элементтің негізгі сипаттамасы не? (ядро заряды)

ІІІ.Жаңа материалды игерту 1.Электронды қайдан іздейміз? А.И.Иоффе е=1,6*10-19Кл Р.Милликен 1906 жыл Э.Резерфорд 1.Атомның өлшемі 2.Элементар бөлшектердің массасы. mp=1,67*10-27кг me=9,1*10-31 кг mp/me=1840 есе 3.Бұны калай елестетуге болады? R=0, АДАМ, V=1/100000 мм3 Оң және теріс ион. Ядро зарядын өзгертуге бола ма? 3Li 7 + 1H 1=2He 4+2He4 Әлемдегі заттың шегі жоқ,бірақ олар 109 элементтің атомынан тұрады

IV.Пысықтау сұрақтары. 1.Атомның қай бөлігі оң зарядты, қай бөлігі теріс зарядты? 2.Оттегі атомының ядросын сегіз электрон айналады,ядросында неше протон бар? 3.Сутегі,гелий,оттегі атомдарының ядросын қанша электрон айналып қозғалады? 4.Қайсысының массасы үлкен:сутегі атомының ба, әлде сутегі оң ионының ба? 5. Литий атомында үш электрон бар екені белгілі, оның оң және теріс ионының схемасын сызыңдар. Au, Pb, O, Cu, Hg, C, Fe, Al, U, Ra, H. 3,4 элементтің нейтрон санын анықтау. (кестені пайдалану)

O, Cu, Al, C-нің энергетикалық деңгедегі электрон санын анықтау.

4-5 оқушыға карточка беру.

2 карточка физика пәнінен, 3 карточка химия пәнінен беріледі.

Халықтық педагогиканы пайдаланып, мақалдардың физикалық мәнін ашу және химия сұрақтарына жауап беру

1. “Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді” (диффузия)

2. “Сынған кесеуді жалғастыра алмайсың” (қатты денелер)

3. Периодтық жүйеде неше период, неше топ, неше қатар бар? (7 период, 8 топ, 10 қатар бар)

4. 1 топтың неше негізгі топшасының элементтерін ата.“ ”

5. Элементтердің реттік номерінің өсуіне байланысты қасиеттері калай өзгереді? (металдық қасиеті кемиді, бейметал қасиеті артады)демонстрациялармен жұмыс жасау:

V.Үй тапсырмасы 1.§30 2.«Микроәлем және біз.»Эссе жазу. 3.«Менің мысалым» химиялық элемент атомдарының схемасын сызу.

Сыныптан тыс оқу. 1.М.Сәрсекеев. «От пен атом» 2.М.Қойшыбаев «Элементар бөлшектер әлемінен хабар.»

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.41 Kb
Количество скачиваний: 29
Просмотров: 161

Похожие материалы