Ауған соғысының ардагерлерімен кездесуге арналған "Ардагерлер-асыл ерлер" атты салтанатты жиынның сценариі

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Ауған соғысының аяқталуының  25 жылдық мерейтойын атап өту мақсатындағы "Ардагерлер-асыл ерлер!" атты Ауған соғысы ардагерлерімен  кездесудің сценариі

 

 

                                       (Презентация көрсетіледі)

 

Сценарий мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету

 Көрнекілігі: Проектор, экран, компьютер, слайдтар

 Сценарий түрі: кіріктірілген – интеллектуалды тәрбие іс – шарасы (сыр - сұхбат, түсіндіру )

Жоспары:

 І.Мерекелік кездесудің  ашылуы

ІІ. Қонақтарды таныстыру

ІІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғанстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет

ІҮ. «Ардагермен сұхбат»

Ү.  Әдеби-музыкалық монтаж

ҮІ. Қорытынды.

 Барысы:

1 – жүргізуші

Баласы батыр туғаннан

Денесін сумен жуғаннан

Батыр да халық қазақпыз

Кіндігін түйіп буғаннан

 Құрметті қонақтар, Ұстаздар ,оқушылар!15-ақпан Ауған  жерінен   Интернациолист жауынгерлердің шығарылғанына 25 жыл толуына байланысты ардагер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ерлік ешқашан ұмытылмайды»  атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

ІІ- Жүргізуші:.

Здравствуйте, дорогие друзья! 15 февраля  1989 года   завершился  вывод ограниченного контингента советских войск из  территории Афганистана.Сегодня мы празднуем 25-летие этой памятной даты.

1 – жүргізуші :

 Мен қазақпын,

Ұланымын елімнің,

 Мен қазақпын

тірегімін жерімнің.

Ұланымын туын көкке көтерген,

Болашаққа алға бастап жетелер.

 Қиындығын қазағымның әрқашан

Қайыспайтын қара нардай көтерер.

 2-жүргізуші:

С первых дней войны из-за высоких гор Гиндукуша    не поступало почти никаких сведений, лишь воздушные «чёрные тюльпаны», доставлявшие гробы, напоминали, что там идёт настоящая война и нашим ребятам служба выпала не из лёгких... Военные действия  в Афганистане продлились сто тринадцать месяцев, 3285 дней.

1- жүргізуші:  

  Өтер жылдар, айлар тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

 Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар  !

 Өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді.15-ақпан Тәуелсіз Отанымыз Қазақстан үшін  атаулы күндердің біріне айналды бүгінде.  Ортамызда жүрген ауғандық жауынгер ағалар, бейбіт өмірдегі жарқын істеріңіз, қоғамдық жұмыстарда белсенділіктеріңіз, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектеріңіз  Қазақстан жастары үшін  нағыз ерліктің шынайы үлгісі болып қала береді,біз сіздерге қарап бой түзейміз.

 

Ән «Алға» 5-сынып оқушылары Қалдыбай Бексұлтан,Қилыбек Жеңіс

 

1-Жүргізуші:

Соғыс жан алып – жан беру

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт

 Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толды!

2-Жүргізуші:

С первых дней войны из-за высоких гор Гиндукуша    не поступало почти никаких сведений, лишь воздушные «чёрные тюльпаны», доставлявшие гробы, напоминали, что там идёт настоящая война и нашим ребятам служба выпала не из лёгких... Военные действия  в Афганистане продлились сто тринадцать месяцев, 3285 дней.

 

1-Жүргізуші:

1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз  қаза  тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы»  аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі  ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді?  деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын  Отан алдындағы борыштарын  адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

Бүгінгі кездесу-жерлестеріміздің ауған соғысында көрсеткен ерліктерін еске алу мақсатында өткізіліп отыр.

Қонақтарды таныстыру:

 

 

2-Жүргізуші:

Мало, до боли мало, если задуматься над историей и судьбой человечества. Тогда, до декабря 1979 года, всё было так же, как всегда.   Мальчишки учились, работали, бегали на дискотеки, влюблялись.

И вдруг… Эта страшная, чудовищная, чужая война... Афганская война.

1-Жүргізуші:

Соғыстың тарихына тоқталсақ

 ( «Ауған соғысы»,видеофильм«Пароль «Афганистан. Начало» )

 Еліне қайта оралмай,

Бақыт гүлін сыйға алмай,

Қаншама боздақ оққа ұшты

Алтын ошақ көре алмай.

 Жанын қиған сен үшін

Тоқта ,достым ,сабыр ет.

Үнсіздікпен бір сәтке,

Басыңды иіп тәжім ет!

2-Жүргізуші:

В память о тех, кто погиб в Афганистане, выполняя   воинский, человеческий и интернациональный долг,  объявляется Минута молчания.   

( метроном дыбысы)

Рахмет, отырыңыздар! 

 Ән «О,аналар!»Сержан Гүлдерай(«Зажгите свечи»видео

( дыбыссыз)қойылады)

Сахнаға оқушылар шығады

1-Оқушы :Бизат

  Қанша сарбаз қыршыннан жер қауышқан

Қанша көзден сағыныш жас боп аққан

 Елестейсің көзіме қасірет боп

Қайғым  да сен мәңгілік- Ауғаныстан!

2-оқушы: Ернұр

Вчера мальчишки выпускной гуляли,

Ломился стол от всяческих сластей.

И в ночь подруги им судьбу гадали -  

И нагадали тысячу путей.

Но выпала всем дальняя дорога

В чужую, неизвестную страну.

И не нашлось другой судьбы у Бога,

Чем эта - через страшную войну!

3-оқушы  Батыржан

Қан майданда қан аққан бұлақтардан,
Қанды кешіп жүреді алда ерлер.
Міне, бүгін сіздерге жыр ақтарам,
Ассалаумағалейкүм,ардагерлер.
Соқыр билік тұсында сумаң қаққан,
Соғыстар аз болғандай, ғасыр дерті.
Ауғанның көк аспанын тұмандатқан,
Сұрапыл майдан бопты қасіретті.
4-оқушы  Айгерім

И им пришлось испить ее до края,

И, обманув в письме отца и мать,

Мол, не на бой - «по делу» вылетаем -

В жестокой сече к смерти привыкать.      

Их уносили «Черные тюльпаны»

Не в небо - к Богу в девятнадцать лет...

За землю предков дрались там душманы,

А мы за что? Никто не даст ответ.

5-оқушы: Динара 6

  Жаулардан қарсы келген жасқанбаған 
Жасаған ерлігіне мастанбаған. 
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп, 
Тарихта, ардагерлер, асқан бағаң. 
6-оқушы  Адай

И вот вернулись парни. Поседели.

У сердца - боевые ордена.

И шрамы - как отметины - на теле.

И в душах - не кончается война.

 Жүргізуші:1

1979 жылы желтоқсанда КСРО әскерлері ауған жеріне енгізілді. Бұл әрекет елдегі жағдайды одан ірң шиеленістірді. Ауғанстан жерінде болған ұрысқа 22200 Қазақстандық қатысып, оның 701 жауынгері қаза болса, 484 адам мүгедек болып оралды. 20 жауынгер хабарсыз кетіп, 2205 жауынгер орден, медальдармен марапатталды. 
Жүргізуші:2

Об этой войне долго замалчивали. Дозировали правду о героях и потерях Потом она прорвалась стихами и песнями, трагическими, светлыми и мужественными. Сегодня мы их услышим. Они, как солдаты, вернувшиеся из боя, расскажут нам о мужестве и силе духа человеческого.

Ведущий 2.

(Просмотр док.видеофильма «Пришел приказ»)

Сөз            беріледі.

 

 

Еске алып құрметтейміз құрбандардың рухын,

      Қабірлері нұрға толсын,суық көрде жылынсын.

      Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,

      Мәңгі бақи тірісіңдер,тірісіңдер,тірісің.

Қанжардан құтқарған қазақ тілі  (10 ә)
(болған оқиға ізімен)

Гиндукуштың жотасында таң жақын,
Ұқсап атып келе жатты қанға тым.
Байлап алды дұшмандар қапыда
Қолға түскен бір топ Кеңес солдатын.

Алып келді қауға сақал бегіне,
«Дінсіздерді» жүк қылмайық деді ме
Тұтқындардың бірден шешті тағдырын,
Қарамады түріне де, тегіне.

Оқ атуды шығын көріп жай жауға,
Қанжарларын аспай-саспай қайрауда.
Жап-жас қазақ жауынгері бір шетте
Күрсінеді, аяқ-қолы байлауда.

Өкінішті-ақ. Көктемнің бұл таңында,
Қоштасатын жақыны жоқ жанында.
Ол кешегі Берлинді алған қазақтың
Жалғызы еді, қайсарлық бар қанында.

«Отан қорғау абырой — деп, — жақсы ерге»,
Өз еркімен аттанған-ды әскерге.
Енді «қара қызғалдақ» та бұйырмай,
Жұмбақ күйде жоғала ма жат жерде?

Соғыс заңы көтермейді бұлтақты,
Осалды да, мықтыны да жусатты.
Қан-қасапқа салды неге? Мұндайды
Тек кинодан көріп өскен ұрпақты.

Енді еліне қайтуына аз қалған
Аса ала ма маңдайына жазғаннан.
Жылайды-ау деп аяп жатты анасын,
Қимай жатты қарындасты назданған.
Жаналғыштың біреуі жоқ тартынған,
Жолдастарын орып жатыр алқымнан.
Құмдауыт жер жасырғандай күнәні,
Қою қанды сорып жатыр сарқылған.

«Қайран көке, ерген ұл ем артыңа,
Лайық болып өлді деп біл даңқыңа.
Бөтен елде жер құшса да, Отанның
Бұйрығына көнді деп айт, халқыңа»

Дұшпан оның кеудесіне қонды кеп,
Қазақ жігіт «Көке!» деді соңғы рет.
Жан алушы тарта қойып қанжарын
Сыбыр етті: «қазақ па едің, сорлы» деп.

«Қимылдама, біз кеткенде ғана аттан,
Жіпті кесіп, қан шығарам тамақтан.
Бұл қырғыннан мүмкін тірі қайтарсың,
Тұз-дәміңді таусылтпапты Жаратқан!»
х х х
Р.S. Аға буын, сынға салған уақыты,
Мақтануға бар олардың қақысы.
Жау алдында жасқанбауы — ерлігі,
Ана тілде сөйлегені — бақыты.

 

1-Жүргізуші:

Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен, 
Жарқын дүние жанарынан сан көшкен. 
Ардагерлер-естелігі ерліктің, 
Ұрпақтары-бұтақтары, 
Қасиеттің, өсиеттің, ұмытылмас мәңгі естен. 

 

Бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтары,ендігі сөз кезегі өздеріңізге беріледі.

Ән «Бейбіт күн тілегі»  Акеш Лашын

2-жүргізуші:

Сақтады олар елін, жерін, қонысын 
Ақтады олар азаматтық борышын 
Сол үшін де қолтығынан сүйейік, 
Ардагерге-майдангерге 
Иейік біз барлық жерде 
Басымызды сол үшін. 

Құрметті оқушылар,өмірі ерлік пен аңызға толы ағаларыңызға сұрақтар қоюларыңызға болады.(Қонақтарға сұрақтар қойылады.)

 Сахнаға оқушылар шығады

Оқушылар толғауы.

1- Оқушы: ( Базарбек )Біз соғысты көрген жоқпыз.Сіздер  де Отан алдындағы борышыңызды өтеуге дейін ол туралы кітаптан оқып,кинодан ғана көрдіңіздер.Ерліктің озық үлгісін көрсеткен,ерлігімен ел есінде мәңгі қалған аға- апаларымыздың есімдерін зор құрметпен еске алып,іс-әрекеттеріне тәнті болып өстіңіздер.Соғысқа аттанып бара жатқаныңызда  қайтсем де тапсырманы орындауым қажет,себебі ол маған Отан тарапынан беріліп отыр” деген ойдың болғанына сеніміміз  зор.

 2- Оқушы:(Елдос ) “Отан үшін отқа түс” деген Бауыржан ата өсиеті мен “Шығыс ұлы,біз ел сенген ерміз,ел намысы,ер намысы үшін жан қиятын бұдан артық болар ма?” деген хатты оқып өскен ұлансыздар ,біз сіздерді,сіздердің ерлік істеріңізді әрқашан өзімізге үлгі тұтамыз. Ағалар! Сіздер қазақ ж

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 29.32 Kb
Количество скачиваний: 155
Просмотров: 431

Похожие материалы