АУЫЗ ҚУЫСЫНДА АСТЫҢ ҚОРЫТЫЛУЫ.

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Мақсаттары: 

 -ауыз қуысындағы астың қорытылуын, ас қорыту  жүйесіндегі                       азықтық заттардың өзгеріске ұшырау   маңызын  түсіндіру;

  -талдау,ойлау,салыстыру,қорытындылау, мүшелердің     құрылысы  мен  қызметінің  байланысты  екенін  түйіндей  білу  қабілеттерін  дамыту;

   -cанитарлық-гигиеналық дағдыға,саламатты  өмір  салтын  ұстануға тәрбиелеу. 

Сабақ  түрі: жаңа білімді  меңгерту.

Көрнекілігі: суреттер, тест, тірек-сызбалар, «Көмірсулар,нәруыздар,майлар» атты  сызба.

Сабақ жоспары:                І.Ұйымдастыру  кезеңі.

      -Сыныптағы оқушыларды  түгендеу.Сабаққа  назар  аударту  мақсатымен тараудың атауын,сабақтың мақсаттарын  айтып  өту, тамақтанудың  маңызын  еске  түсіру.

    -  Сабақтың  эпиграфымен  таныстыру:  «КІМ  КӨП ШАЙНАЙДЫ, СОЛ ҰЗАҚ                                 ЖАСАЙДЫ»

                                               ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру.

А) Сұрақ- жауап  тәсілін  қолдану.

1.Ас қорыту  жүйесі  қандай  мүшелерден  құрылған?

2.Ас қорытуға  қандай  бездер  қатысады?

3.Қоректік  заттар деген  не? Атапөтіңдер.

4.Адам  ағзасына  тәулікте  қанша  су  қажет?

5.Адам  организмінде  өзгеріссіз  сіңірілетін   зат?

6.Нәруыздың  тәуліктік  мөлшері  қандай?

7. Көмірсулардың  тәуліктік  мөлшері  қандай?

8.Жұтқыншақ  ұзындығы  қандай?

9.Асқазан  сыйымдылығы  қандай?

10.Ащы  ішек  ұзындығы  қандай?

Ә) Тест   шешу.

1.қоректік  заттар  құрамында  қандай  органикалықзаттар  бар:

анәруыздар,көмірсулар      бмайлар,витаминдер  всу,минералды тұздар

2.Адам  денесінде  судың  мөлшері:

а20-25%      ә40-45%          б60-65%

3.Адам  организмінде  өзгеріссіз  сіңірілетін  заттар:

анәруыздар,көмірсулар     әсу    бминералды  тұздар

4. Нәруыздың  тәуліктік  мөлшері:

а80-90 гр.         ә100 гр.              б400-500 гр.

5.Адамның  ас  қорыту  жолдарының  ұзындығы:

а3-5 м.         ә8-10 м.                  б15-18 м.

6.Дәм  сезу  рецепторлары  қайда  орналасқан:

ажұмсақ таңдайда    әұрттың  сілемейлі  қабығында               бтілде

7Ас қорыту  және тыныс  алу  жолдары  қай  жерде   қиылысады:

аауыз қуысында        ә жұтқыншақта              б өңеште

8Ас  қорыту   жолдарында   асқазаннан  кейін  не  орналасады:

ааш  ішек        әтоқ   ішек                  бұлтабар

9.Тоқ   ішектің   бөлімдерін   атаңдар:

аас ішек,жиек  ішек,тік  ішек    әсоқыр  ішек,тік   ішек,ұлтабар  бсоқыр  ішек

10.Ас   ішек  бөлімдерін  атаңдар:

аұлтабар,аш  ішек,мықын  ішек       әсоқыр   ішек,  жиек  ішек,тік  ішек

бұлтабар, тік   ішек 

    Б) Берілген  суреттегі   ас  қорыту   мүшелерін  атап  жазыңдар.

                                     ІІІ.Жаңа  тақырыпты  түсіндіру.

1.ШАЙНАУДЫҢ  МАҢЫЗЫН  ТҮСІНДІРУ-тағамды  механикалық  өндеу:ұнтақтау,майдалау.сілекеймен  дымқылдату,ас  түйіртпегін  қалыптастыру.Бұл рефлексті  әрекет.Адамның   шайнау  аппараты  жануарларғақарағанда  нашар  дамыған, себебі  адам  аспаздық  өндіруден  өткен  тағамды   қабылдайды.

2.ТІСТЕРДІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫН  ЖӘНЕ  МАҢЫЗЫН  ТҮСІНДІРУ.

аТістер  көмегімен  адам  тағамды  майдалайды.Адамда  32  тіс   болады.Пішіні  мен  қызметіне  қарай  күрек  тіс. Азу   тіс,  ит  тіс  деп  аталады.Екі  жақ  сүйектерінде  орналасқан  тістердің    формуласын  қарастырайық.

                                                                      

3 үлкен азу тіс,2кіші азу тіс,1ит тіс,2күрек тіс

   2күрек тіс,1 ит тіс,2кішіазу тіс,3 үлкен азу  тіс

 

3 үлкен азу тіс,2кіші азу тіс,1ит тіс,2күрек тіс

   2күрек тіс,1 ит тіс,2кішіазу тіс,3 үлкен азу тіс

 

 

ә Тістің  құрылысын   түсіндіру.110-шы  суретті  қарастыру.

бСүт  тістер туралы  айтып   өту.

вЖақсы  шайнаудың   маңызын  түсіндіру.

3.СІЛЕКЕЙ  БЕЗДЕРІ  сілекей  түзеді. Сілекей  өзектер  арқылы    ауыз  қуысына   ағады.  Адамда  3  жұп  сілекей  бездері   бар: 2 шықшыт,2 жақ  асты, 2  тіл  асты.

а 111-ші  суретті  қарастыру.

ә 112-ші   суретті  қарастыру.Сілекей  бездерінің іс-әрекетін   зерттеу   әдістері.

4.ТІЛ-сілемейлі   қабықпен жабылған,  тамырлары  мен  жүйкелері  көп,қозғалмалы  бұлшық  етті  мүше.Шайнау  үдерісінде  асты   қозғалтады, сөйлеу  және  дәм   сезу  мүшесі  болып  табылады.Тіл мен  ерін   тағам  сапасын  анықтауға   және  оны  жұтқыншаққа  жылжытуға   көмектеседі.

                                   IV.Бекіту  сәті.

Кластер  толықтыру: «Ауыз  қуысында ас...»

                                    V.Қорытындылау.

а «Ойланып,жауап  беріңдер» тапсырмасымен  жұмыс  (169-шы  бет).

ә «Сәйкестігін  көрсетіңдер»  кестесімен   жұмыс.

                                    VI.Үй  тапсырмасы:

 &  46,ас  туралы  мақал-мәтелдер жазып  келу.

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 89.42 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 138

Похожие материалы