Автомобильдің коррозиялық бүлінуінің алдын алу шаралары

Предмет: Технология
Категория материала: Презентации
Автор:

Қазіргі кезде жылу энергиялық комплексті өндірістер айтарлықтай экономикалық шығындарға әкеліп отыр, себебі жылу қондырғыларының тез істен шығуы әсер етеді, яғни жылу жүйесіндегі коррозиялық қақтардың нәтижесінен құбырлар бүлінеді.

Мұндай бүлінуден сақтану үшін су құрамына арнайы ингибиторлар, яғни коррозия процесін тежейтін қосылыстар қажет. Металл коррозиясының тежегіші ретінде бейорганикалық полимерлі натрийдің фосфаттарын алу рұқсат етілген. Су құрамындағы түзілетін қақтарға қарсы органикалық анионды, карбонды, фосфонды функционал топтары бар полимерлер қолданылады. Дегенмен, органикалық комплексондар кермектікке әсер ететін катиондарды тұндыру процесіне тежегіш ретінде қолданады. Атап айту керек коррозияға қарсы әрі қақтардың түзілуіне кері әсер ететін құралды таңдауда аса ыждағаттылық қажет. Әрі әрбір нақты жағдайға қажетті нақты тежегіш таңдауға зор мән беру керек. Қазақстан Республикасында металл коррозиясына және қақ түсіруге қарсы қосылыстарды даярлайтын өндіріс жоқ, яғни олар алыс шет елден тасылады.

Осыған байланысты отандық өндірістерде өндірілген коррозия тежегіштерінің өңделу технологиясын даярлау басты маңызды мәселе.

Белгілі ингибиторлар жылу энергиялық қондырғылар жүйесінде белгілі (хроматтар, нитриттер, силикаттар, молибдаттар, фосфаттар, полифосфаттар) толық қажетті қасиеттері жетіспейді. Мысалы, хроматтар- улы, нитриттер рН

Полифосфатты тежегіштерге цинкті қосу қорғаныс қабілетінің жоғарылауына әсер етеді [1]. Сонымен қатар цинк суды 0,5 г/м3 концентрацияда планктонның өмір сүруіне кері әсер етеді. Мыс катионы цинк катионына қарағанда биоцидтік қасиет көрсетеді .  

Өзімізге белгілі, металл коррозиясы, жекелеп алғанда темір мен көміртегісі аз шойын су даярлауда негізгі конструкциялық материал болып табылады және электрохимиялық табиғаты бар, сонымен бірге 2 (екі) электрохимиялық реакцияның жүруімен іске асады: металдың анодтық ионизациясы:

Ғе " Ғе+2 +2е                                                  (1)

Катодтың тотықсыздануы сулы ортадағы коррозия кезінде оттегі тотықсыздануға ұшырайды:

1/2 О2 +Н2О+2е "2ОН-                                            (2)

 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1.22 Mb
Количество скачиваний: 77
Просмотров: 373

Похожие материалы